Назар аударыңыз!
«Графика және жобалау» пәнін «Бейнелеу ӛнері және сызу» мамандығы
бойынша дипломы бар мұғалімдер жүргізе алады. Мамандық алғандағы оқыған
пәндер тізімі «Графика және жобалау» оқу пәнін оқыту үшін арнайы диплом
талап етілмейтіндігін куәландырады.
Осы оқу пәнін оқыту үшін тиісті сертификатты ала отырып,
біліктілікті арттыру курстарынан ӛту ұсынылады
5.2 2012 ЖЫЛҒЫ МЖМБС ЖӘНЕ 2013 ЖЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ОҚУ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚИТЫН 11-СЫНЫПТАРДА БІЛІМ
БЕРУ ПРОЦЕСІН ҦЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Тіл және әдебиет» білім саласында келесі пәндер оқытылады: «Қазақ
тілі», «Орыс тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті», «Ана тілі»,
«Ұйғыр/ӛзбек/тәжік әдебиеті», «Шетел тілі».
«Қазақ тілі» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі және Қазақстандағы мемлекеттік тіл
мәртебесіндегі ӛзара қарым-қатынас құралы.
Қазақ тілі қазақстандық қоғам мен қазақ тілін ана тілі ретінде қолданатын
әрбір жеке тұлға ӛмірінде бірегей қызмет атқарады. Қазақ тілін
функционалдық-коммуникативтік және қатысымдық-танымдық тұрғыдан
оқыту тілдің қоғамдағы маңызды қызметі мен рӛлін саналы түрде түсінуге,
тілдің табиғатын ғылыми танымдық тұрғыдан түсініп меңгеруге, тілдік
бірліктердің
функционалдық
қасиеттерін
саналы
түрде
қолдануға
дағдыландырады.
11-сыныпта оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім
және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен
ӛзгерістермен толықтырулар енгізілген):
- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы;
- жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық
бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу
бағдарламасы қолданылады.
Жалпы орта білім беру деңгейінің оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин
атындағы
Ұлттық
білім
академиясының
сайтына
орналастырылған
(https://www.nao.kz/Білім
беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу
243
бағдарламалары/11-жылдық мектептің негізгі орта білім беру оқу
бағдарламалары (Қазақ тілі. Қазақ әдебиеті).
Пән бойынша оқу жүктемесі:
- қоғамдық-гуманитарлық бағыт:
11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
- жаратылыстану-математикалық бағыт:
11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.
Әрбір тоқсанда алынатын жазба жұмысының (диктант) саны сол
сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.
Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарының негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты
жазуға, оқушының ауызша және жазбаша ойын, грамматикасын және
стилистикасы жағынан дұрыс сӛйлем құрап, жүйелі сӛйлеуге үйрету. Мұғалім
білім алушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық
ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, кӛркем
әдебиетті кӛп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін кӛрсетіп отыруы тиіс. Әр мұғалім
жазба жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол
білім алушының күнделікті ӛмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне,
білгенін ауызекі сӛздерінде қолдана білуіне жағдай жасау болып табылады.
Жазба жұмысына (диктант) қойылатын талаптар еш ӛзгеріссіз
қалдырылды, қажет болған жағдайда, ӛткен оқу жылына арналған Әдістемелік
нұсқау хаттан қарауға болады.
Тӛмендегі 86-кестеде 11- сыныпта ұсынылатын жазба жұмысының
(диктант) саны келтірілген.
86-кесте. 11- сыныпта ұсынылатын жазба жұмысының (диктант) саны
Сынып
Жазба
жұмыстарының түрі
Оқу тоқсандары
Барлығы
І
ІІ
ІІІ
ІҮ
Қоғамдық-гуманитарлық бағыты
11
диктант
2
2
2
2
8
Жаратылыстану-математикалық бағыты
11
диктант
1
1
1
1
4
Диктантты бағалау тӛмендегі ӛлшемдерге негізделеді:
- «5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0)
немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1);
- «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі (3/3) бар немесе
емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4), емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі (1/5)
бар, емледен бір типті 4 қатесі(4/0);
- «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе
емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тыныс
белгісінен 8 қатесі (3/8);
- «2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе
емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9).
«Қазақ тілі» пәні бойынша дәптермен жұмыс жасау тәртібі, талаптары
мен ережелері еш ӛзгеріссіз қалды, қажет болған жағдайда, ӛткен оқу жылына
244
арналған Әдістемелік нұсқау хаттан қарауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |