243
бағдарламалары/11-жылдық мектептің негізгі орта білім беру оқу
бағдарламалары (Қазақ тілі. Қазақ әдебиеті).
Пән бойынша оқу жүктемесі:
-
қоғамдық-гуманитарлық бағыт:
11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
-
жаратылыстану-математикалық бағыт:
11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.
Әрбір тоқсанда алынатын жазба жұмысының (диктант)
саны сол
сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.
Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарының негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты
жазуға, оқушының ауызша және жазбаша ойын,
грамматикасын және
стилистикасы жағынан дұрыс сӛйлем құрап, жүйелі сӛйлеуге үйрету. Мұғалім
білім алушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық
ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, кӛркем
әдебиетті кӛп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін кӛрсетіп отыруы тиіс. Әр мұғалім
жазба жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол
білім алушының күнделікті ӛмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне,
білгенін ауызекі сӛздерінде қолдана білуіне жағдай жасау болып табылады.
Жазба
жұмысына (диктант) қойылатын талаптар еш ӛзгеріссіз
қалдырылды, қажет болған жағдайда, ӛткен оқу жылына арналған Әдістемелік
нұсқау хаттан қарауға болады.
Тӛмендегі 86-кестеде 11- сыныпта ұсынылатын жазба жұмысының
(диктант) саны келтірілген.
86-кесте. 11- сыныпта ұсынылатын жазба жұмысының (диктант) саны
Сынып
Жазба
жұмыстарының түрі
Оқу тоқсандары
Барлығы
І
ІІ
ІІІ
ІҮ
Қоғамдық-гуманитарлық бағыты
11
диктант
2
2
2
2
8
Жаратылыстану-математикалық бағыты
11
диктант
1
1
1
1
4
Диктантты бағалау тӛмендегі ӛлшемдерге негізделеді:
- «5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0)
немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1);
- «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі (3/3)
бар немесе
емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4), емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі (1/5)
бар, емледен бір типті 4 қатесі(4/0);
- «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе
емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тыныс
белгісінен 8 қатесі (3/8);
- «2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе
емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9).
«Қазақ тілі» пәні бойынша
дәптермен жұмыс жасау тәртібі, талаптары
мен ережелері еш ӛзгеріссіз қалды, қажет болған жағдайда, ӛткен оқу жылына