239
маркетингін зерделеуді қарастырады. Оқушылардың біріккен топтары нақты
ӛндірушіні және оның сызығынан белгілі бір ӛнімді таңдайды.
Алынған білім
мен дағдыларды қолдана отырып, оқушылар жаңа тауарларды игеру немесе
кӛлемін арттыру мақсатында ӛнімді баламалы жылжыту бойынша креативті
идеяларды қалыптастырады.
4-бӛлім
«Ойлау дизайны» бизнес-шешімдерді іздеуге клиентке
бағытталған дизайн-ойлау сияқты тәсілдің ерекшеліктерін қарастырады.
Тоқсанның басында мұғалім ұсынған тізімнен
бизнес-мәселені таңдап, оқушы
дизайн-ойлау әдіснамасын: эмпатияны, талдау мен синтезді, идеяларды
генерациялауды, прототиптеу мен тестілеуді қолдана отырып бүкіл тоқсан
бойы жұмыс жасайды. Оқушылар ӛндірушілермен ӛзара
іс-әрекет жасауда және
жобалау жұмыстарын орындауда нақты тәжірибе алады. Ӛндіруші үшін бұл әр
жылдың кӛктемгі үш айында ақпараттың ӛрлеуі және ӛнімдерінің бүкіл
Қазақстан бойынша тегін жарнамалануы. Мемлекет экономикасы үшін - бұл
отандық ӛндірушіні қолдау.
Тоқсандағы бӛлімдер бойынша және бӛлімдер ішінде сағаттарды бӛлуді
мұғалімнің қалауына қарай ӛзгертуге болады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалау
ӛткізілмейді. Қалыптастырушы бағалау пәнді оқу барысында білім
алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг ӛткізу мақсатында және оқу
процесінде оларға қолдау кӛрсету үшін жүргізіледі.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні
бойынша оқу жетістіктерін
бағалау ауызша, жазбаша жұмыстары мен практикалық жаттығуларды,
бақылау жұмыстарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Әрбір тоқсан
және оқу жылының қорытындысы бойынша сынып журналына «есептелінді»
(«есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің
жоғары шекті кӛлемі 10 сыныпта аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты
құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: