310
Волонтерлық қозғалысты ұйымдастырға арналған әдістемелік нұсқаулық
ретінде «Білім беру саласындағы волонтерлік пен қайырымдылық және
олардың қазіргі жағдайда білім беру жүйесін жаңғыртудағы рӛлі» атты
әдістемелік ұсынымдарды ұсынамыз (
https://www.nao.kz
).
Рухани-адамгершілік тәрбие беруде кездесу кештері, «Қазақстанның ұлы
ақындары мен жазушылары», «Адамзаттың ұлы ұстаздары», «Қазақстанның
ұлы ойшылдары мен философтары» әдеби кештері, «Сұлулық әлемді
құтқарады» поэзиялық кештері, «Мейірбандық - адамның барлық
адамгершілігіне түрткі болатын негіз» әдеби-музыкалық композициясы,
сынақтар және «Махаббат - адам ӛмірінің негізі», «Қайырымдылық жасампаз
күш» адамгершілік-рухани мазмұндағы әңгімелер айтарлықтай маңызды рӛл
атқарады.
Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175
жыл толуына орай кӛпшілік іс-шаралар ӛткізу ұсынылады: Абай
шығармашылығының онлайн конкурсы, әлеуметтік желілер арқылы үздік
жұмыстар, ӛлеңдерді тарату, жобалық жұмыстар, лекториялар,
тақырыптық салтанатты жиындар, әдеби оқулар, «Абай – ӛз халқының және
барша адамзаттың баласы» атты тақырыпта ұлы ойшылдың шығармалары
бойынша викториналар мен байқаулар ӛткізу ұсынылады.
Ӛскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарын
сақтау мен арттыру мына жобалар арқылы жүзеге асырылады: «Туған жер»,
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандық әлемдегі заманауи
қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаңа гуманитарлық
білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне
кӛшіру».
Достарыңызбен бөлісу: