305
6
ЖАЛПЫ
БІЛІМ
БЕРУ
ҦЙЫМДАРЫНДАҒЫ
ТӘРБИЕ
ЖҦМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек
Тәрбиесіз берген білім - адамзаттың қас жауы
Әбу Насыр әл-Фараби
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес білім берудің
зайырлы, гуманистік және даму сипаты, азаматтық және ұлттық
құндылықтардың
басымдығы, адамның ӛмірі мен денсаулығы, жеке адамның
еркін дамуы, адамның құқықтары
мен бостандықтарын құрметтеу, тұлғаны
білімділікке ынталандыру және дарындылықты жетілдіру, білім берудің бірлігі,
тәрбиелеу және дамыту білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
қағидалары болып табылады.
Білім беру - бҧл тәрбие мен оқытудың біртҧтас жҥйесі, бҧл екі
қҧрамдас бӛлікті бӛлуге болмайды. Қҧнды және жеке тҧлғаға бағытталған
тәсіл оқу-тәрбие процесінің негізіне жатады.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесі алдында ұлттық
сана-сезім мен отаншылдықтың дамуының жоғары деңгейіндегі, инновациялық
экономика жағдайында
табысты еңбек ететін, жалпыадамзаттық және ұлттық
құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар
қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу міндеті тұр.
Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының жүйесі келесі
нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019
жылғы
15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын
іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы
15 сәуірдегі № 145
бұйрығымен бекітілген, 2019-2024
жылдарға арналған
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің
Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың іс-шаралар жоспары;
306
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
1 қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында
ӛлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық негіздері.
Жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысы келесі бағыттар бойынша
жүзеге асырылады:
1.
Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу,
құқықтық тәрбие.
2. Рухани-танымдық тәрбие.
3. Ұлттық тәрбие.
4. Отбасылық тәрбие.
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
6. Кӛпмәдениетті және кӛркем-эстетикалық тәрбие.
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.
8. Дене тәрбиесі, салауатты ӛмір салты.
Достарыңызбен бөлісу: