361
БҒМ 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 «жалпы білім беру ұйымдарының
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша
қызметтің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, 4-тарау, 4-тармақ,
49,55).
Ерекше жағдайлар туындаған жағдайда (ауру, мүгедектік, декреттік
демалыс, 3 жасқа дейінгі баланы күту, отбасындағы жалғыз асыраушы) және
қойылатын талаптарға сәйкес келетін жағдайларда кешкі мектепте
қашықтықтан оқыту технологиясын жүзеге асыруға болады.
Сырттай немесе кешкі оқу сабақтарын ұйымдастырудың сессиялық
режимі кезінде сессия уақытын мектептің педагогикалық кеңесі анықтайды (
ҚР
БҒМ 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 «Жалпы білім беру ұйымдарының
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша
қызметтің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, 4-тарау, 68-тармақ).
Негізгі орта және жалпы орта білім беру курсы үшін бағдарламаны игеру
бітірушілерді міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады. Кешкі мектеп
түлектеріне олар қорытынды аттестаттаудан ӛткеннен кейін тиісті білімі
туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
Кешкі мектепте күндізгі оқу түрі бойынша оқу жылының ұзақтығы - 34
аптаны, сырттай оқу түрі бойынша – 36 аптаны құрайды.
Күндізгі оқу түрі бойынша оқитын оқушыларды аттестаттау тоқсан
бойынша, сырттай оқу түрі бойынша оқитын оқушыларды аттестаттау жарты
жылдық бойынша жүргізіледі.
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті», орыс
тілінде оқытпайтын мектептердегі «Орыс тілі мен әдебиеті», «Шет
тілі/ағылшын тілі», «Информатика» сияқты пәндерді оқу кезінде кіші топтарға
бӛлу күндізгі оқу түрі сыныптарда ғана, яғни сынып 20 адамға толғанда жүзеге
асырылуы мүмкін (ҚР БҒМ 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 «жалпы білім
беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру)
түрлері бойынша қызметтің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы).
Кешкі мектеп жылдық күнтізбелік оқу кестесін айқындауда, білім
алушыларды бағалау жүйесін, аттестаттау тәртібі мен мерзімділігін таңдауда
дербес болады (
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013
жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы, 4-тарау, 65-тармақ).
Достарыңызбен бөлісу: