Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


КЕШКІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҦМЫСЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет199/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

11 КЕШКІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҦМЫСЫНЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
Кешкі (ауысымды) мектеп Қазақстан Республикасының азаматтарына, 
сондай-ақ жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін шетел азаматтарына 
(Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде) негізгі 
орта және жалпы орта білім алуға мүмкіндік береді (ҚР «Білім туралы» Заңы, 3-
бап, 1-тармақ, 1-тармақша).1,3, 47-құжат, 1-т.; «Жалпы білім беру 
ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру.  4-тарау, 41-
тармақ) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 
қыркүйектегі № 375 бұйрығы. 
Назар аударыңыз! 
Кешкі мектепте және күндізгі жалпы білім беретін мектептерде 
кешкі бӛлімде оқыту: 
- күндізгі;
- сырттай; 
- күндізгі-сырттай; 
- ҚР «Білім туралы» Заңының 27 бабына сәйкес сырттай жеке оқу 
түрі бойынша іске асырылады.
Білім беру мазмұнын жаңартуға сәйкес кешкі мектептерге 
арналған үлгілік оқу жоспарлары әзірленді және бекітілді (2018 жылғы 4 
қыркүйектегі №441 бұйрық 51-56 қосымша). 
Жаңартылған мазмұн бағдарламасы бойынша оқуға ӛткен сыныптарда 
білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критериалды бағалау жүйесі 
бойынша жүзеге асырылады. 
Отандық білім беруді жаңғырту, орта білім берудің ұлттық моделін құру, 
білім беру парадигмасын іскерлікке айналдыру, мектеп білімінің мазмұнын 
түбегейлі ӛзгерту және жаңарту, бірінші кезекте, сапалы білім алуда барлық 
Отформатировано: Шрифт: 14 пт,
полужирный


357 
азаматтар үшін тең мүмкіндіктер беруге және қоғамда табысты әлеуметтендіру 
қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Алайда қазіргі уақытқа дейін білім беру 
процесінен тыс әртүрлі себептермен қалған азаматтар санаты бар. Мұндай 
адамдарды оқуға тарту, біздің мемлекет азаматтарының жалпы білім беру 
деңгейін арттыру мақсатында елімізде негізгі контингенті 14 жастан бастап 
жұмыс істейтін ересек адамдар мен жасӛспірімдер болып табылатын, күрделі 
жағдайға тап болған, осыған байланысты күндізгі жалпы білім беретін 
мектептерде білім алмаған кешкі мектептер жұмыс істейді. 
Кешкі мектептердегі білім беру үдерісі білім беру деңгейіне сәйкес 
жүзеге асырылады: 
1) негізгі орта білім (игеру мерзімі-3 жыл: 7, 8, 9-сыныптар);
2) жалпы орта білім беру (игеру мерзімі - 2 жыл: 10, 11 (12)-сыныптар). 
3) Жеке оқу түрі (меңгеру мерзімі – жеделдетілген, оқу жылында 2-
сыныптан). 
Жаңартылған білім беру мазмұнының үлгілік оқу жоспары бойынша 
білім алушыларды сыныптан сыныпқа ауыстыру БЖБ және ТЖБ нәтижелері 
бойынша жүзеге асырылады; 9 және 11-сыныптарда Үлгілік қағидаларға сәйкес 
қорытынды аттестаттау жүргізіледі. 
Оқытудың барлық түрлері бір оқу орнының шегінде жүзеге асырылуы 
мүмкін. 
Оқытудың жеке формасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына сәйкес (Қазақстан 
Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу 
тізілімінде 2013 жылғы 18 қазанда № 8827 тіркелген, 45, 50-тармақтар); жеке, 
күндізгі және сырттай оқу нысандары бар топтардағы бастауыш, негізгі орта 
және жалпы орта білімнің типтік оқу жоспарларына (жаңартылған мазмұн) 
сәйкес жүзеге асырылады. 
Сабақ кестеге сәйкес аптасына 4 күн ӛткізіледі. Сырттай оқытудың жеке 
топтары толымдығымен ашылады (ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 
жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына сәйкес 1-ден 8 адамға дейін 
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік 
тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 18 қазанда № 8827 болып тіркелген). 
Оқытудың жеке түрі бар топтарға ӛмірлік қиын жағдайға тап болған
14 жастан бастап білім оқушылар қабылданады. 
Білім беру үдерісінде оқытудың жеке нысанын енгізу және пайдалану 
«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім 
берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы «ҚР БҒМ 08.11.2012 жылғы № 
500 бұйрығына ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ №441 
бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. 04.09.2018 ж. 55-56; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет