355
жұмыстарды қоса).
4)
Тақырыптық
жоспарлау
(оқушылардың
теориялық
және
практикалық сабақтарын, күтілетін іс-әрекеттерін кӛрсетеді).
5) Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.
6) Қосымша.
Элективті курстар мектепте вариативті
компонентке берілген уақыт
арқылы жүзеге асырылады. Элективті курстарды мектеп бағдарламасына енгізе
отырып, бұл жерде оның бағдарламалары мен оқу құралдары туралы ғана емес,
осы курстарды оқытуда қажетті барлық әдістемелік жүйені ескеру қажет.
Сондықтан да элективті курстарға бӛлінген уақыт шеңберінде жекелеген
профильдердің
үлгілік
оқу
жоспарларында,
белсенді
білім
беру
технологияларына жүгінуге сағаттар қарастырылған.
Элективті курстар міндеттерінің күрделілігі мен кӛптүрлілігі қатаң түрде
бекітілген тұжырымдамалық негізде (яғни ӛз бетімен емес, іс жүзінде
бекітілген) бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету жүйесін құру
қажеттілігін талап етеді. Ол үшін кез келген элективті
курс немесе таңдау
курсы оқу-әдістемелік жинақпен бекітілуі тиіс.
Элективті курс бойынша оқу-әдістемелік жинаққа:
- курстың бағдарламасы;
- оқу, әдістемелік құралдар (мұғалімге, оқушыға арналған әдебиеттер,
қосымша әдебиеттер, электронды басылымдар. Интернет-ресурстар);
- оқушының дәрістері,
семинарлары, ӛзіндік жұмыстары үшін
ақпараттық материалдар мәтіндері;
- ӛзіндік жұмысы үшін тапсырмалар каталогы және оны орындауға
арналған әдістемелік
нұсқаулықтар;
- жеке және сараланған тапсырмалар, соның ішінде тест түріндегі
тапсырмалар;
- оқу тәжірибе бағдарламалары және оны ӛткізу бойынша әдістемелік
нұсқаулықтар;
- зерттеу жұмыстары
мен жобалардың тақырыптары;
- жобалық және зерттеу қызметінің бағдарламалары және оларды
ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар;
- жобалық және зерттеу жұмыстарының үлгілері.