387
Ана тілін меңгеруде оқытудың бастапқы кезеңдерінің практикалық
бағытталуымен қамтамасыз етіледі.Математиканы оқу кезінде ойлау дамуының
ерекшеліктері, кеңістіктік кӛріністердің жеткіліксіз қалыптасуы ескеріледі.
Бейімделген дене шынықтыру сабақтарында бағалау нормативтері
ӛңделмейді.
5-10 сыныптарда балалардың әлеуметтік еңбекке бейімделуін қамтамасыз
ететін қозғалыс, ойлау, сӛйлеу дағдылары мен іскерліктерін дамыту бойынша
қалпына келтіру жұмыстары жалғасасды.
11-12 сыныптарда екі бағыт жүзеге асырылады: қоғамдық-гуманитарлық
және жаратылыстану-математикалық.
Мектеп бір немесе екі бағытты таңдауда білім алушылардың
қажеттіліктерін және ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып жүзеге
асырады.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушылар кіші және жеке сабақтарда
арнайы педагогикалық қолдау алады:
1) емдік дене шынықтыру (ЕДШ); сабақтар 2-4 адам тобымен немесе жеке
ӛткізіледі. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут. Сабақтар күннің бірінші және екінші
жартысында ӛткізілуі мүмкін;
2) сӛйлеуді дамытудағы кемшіліктерді түзету бойынша тіл мүкістігі бар
білім алушылар логопедпен жеке немесе топпен аптасына 2-3 рет жүргізіледі.
Сабақтар күннің бірінші немесе екінші жартысында ӛткізілуі мүмкін;
Факультативтік сабақтар мен элективті курстар мазмұнын анықтау кезінде
білім алушылардың әлеуметтенуіне, даму кемшіліктерін жеңуге, оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге ықпал ететін сабақтарға артықшылық
беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: