381
мүмкіндігі бар, үнемі сұрақтарға жауап бере отырып:
қандай мақсатқа қол
жеткізуге болады?
ЕБҚ бар баланың қажеттіліктеріне сүйене отырып,
мақсаттарды қалай ӛзгертуге болады?
Сабақтың қойылған мақсаттарына жету
үшін қандай әдістер мен тәсілдерді қолдану керек? Оқушының жеке бағдарын
жүзеге асыру кезінде қойылған мақсатқа қол жеткізгендігінің дәлелі қандай
болып табылады ? (Бала қандай іс-әрекеттерді орындайды? Қалай орындайды?
Оған не кӛмектесті? Сәтті ӛтті ме? Қандай кедергі болды?).
Тоқсан соңында пән мұғалімдеріне ЕБҚ бар білім алушының оқу
жетістіктерінің қорытындысы бойынша қорытынды
жасау және қажет болған
жағдайда жеке оқу бағдарламасына түзетулер енгізу ұсынылады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүймелдеуге арналған
жеке бағдарламаларды мұғалім әзірлейді және инклюзивті білім беруді жүзеге
асыратын мектептің педагогикалық кеңесі бекітеді.
Оқу жетістіктерін бағалау ерекше білім беру қажеттіліктерін, ЕБҚ бар
білім алушының жеке мүмкіндіктерін және жетістіктерімен
салыстырғандағы
прогрессті ескере отырып жүргізіледі.
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және
қорытынды аттестаттау ӛткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18
наурыздағы № 125 бұйрығына ӛзгеріс енгізу туралы»» бұйрыққа сәйкес 14-8-
тармақта «ерекше оқу қажеттіліктері бар білім алушыларды бағалау кезінде
педагог сараланған және/немесе
жеке тапсырмаларды қолданып, сондай-ақ,
оқушының ерекшелігін есепке ала отырып, бағалау критерийлеріне ӛзгерістер
енгізеді»,-деп кӛрсетіледі.
Осыған
байланысты,
жаңартылған
бағдарлама
мазмұнының
ерекшеліктеріне сүйене отырып, ЕБҚ бар балаларға арналған БЖБ және ТЖБ
тапсырмаларын
әзірлеу
кезінде
оқу
мақсаттарын,
критерийлерін,
дескрипторларды, тапсырмаларды саралау ұсынылады.
Қорытынды аттестаттау мәселесі бойынша жоғарыда кӛрсетілген
бұйрықтың 57-тармағында мыналар кӛрсетіледі: «ерекше
білім беруге
қажеттілігі бар білім алушыларға және жеке оқу бағдарламасы бойынша
оқитын білім алушыларға қорытынды аттестаттау ӛткізу қажеттілігі туралы
мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес
шешеді».
Достарыңызбен бөлісу: