Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Сабақты бақылаудан кейінгі рефлексия



Pdf көрінісі
бет26/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

Сабақты бақылаудан кейінгі рефлексия 
1. Сабақты бақылау парағындағы барлық негізгі тұстарын талқылау 
басталғанға дейін белгілеу.
2. Сабаққа тікелей қатысқаннан кейін бақылауды белгілеуге болады. 
3. Сабаққа қатысу қорытындысы бойынша талқылау ӛткізу. Талдауды 
сабақтың/сабақ үзіндісінің оң аспектілерінен бастау қажет, одан кейін келесі 
сабақтарға дайындалу кезінде ескеруді қажет ететін маңызды тұстарды атап ӛту 
қажет. Мұғалімнің жеке қасиеттеріне емес, сабақтың сәтті немесе керісінше, 
сәтсіз нәтижелерінің дәлелдемелеріне назар аудару қажет.
4. Маңызды бӛлшектерді жіберіп алмау үшін талқылау кезінде барлық 
аталған тұстарды жазып отыру ұсынылады.
5. Талқылау кезінде мұғалімге кері байланыс беру үшін сабаққа айтылған 
негізгі түсініктемелерді анықтау қажет.
6. 1 сабақты немесе сабақтың фрагментін талқылау уақыты 15 минуттан 
аспайды, ӛйткені қатысқан барлық сабақтарды талқылау қажет.
7. Сабаққа қатысты кері байланыс барысында, ең алдымен, мұғалімге 
ӛтілген сабақ жӛнінде не ойлайтынын, яғни сабақта ненің жақсы ӛткенін және 
тиімді оқыту үшін нені жақсартуға болатынын сұрау керек. 
Мұғалім ӛз пікірін білдіргеннен кейін сабақтың оң сәттерінен бастап, 
жақсартуға болатын немесе жақсарту қажет болған сәттерді талқылау арқылы 
диалогті жалғастыра отырып, кері байланыс беру қажет. 
Сабақтарды бақылау оқу пәндерін оқыту практикасын жақсарту, 
мұғалімнің кәсіби ӛсуі мен дамуы, сондай-ақ білім алушылардың білім сапасын 
арттыру үшін негіз болуы тиіс. Сабақтарды бақылау нәтижелері педагогикалық 
кеңестердің отырыстарында мезгіл-мезгіл тыңдалуға тиіс.
Назар аударыңыз! Педагогтер олардың кәсіби қызметіне тән 
емес міндеттерге (пәтер және аула аралау, түлектерді ҰБТ пункттеріне 
жеткізу және т.б.) тартылмауы тиіс.


37 
Сондай-ақ Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша жалпы 
білім беретін мектептердің рейтингін ӛткізуге жол берілмейді. 
Орта білім беру ұйымдары Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық үшін 
сынақ тестілеуін ӛткізуге қатыспайды, ал мұғалімдер мепктеп бітірушілерді 
ҰБТ тапсыру пункттеріне алып баруды және ҰБТ базасын толтыруды 
қамтамасыз етпейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет