39
2
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫПТАРЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ-
БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2019-
2020 оқу жылында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басым
бағыттары:
-
мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру;
-
ерте жастағы балалардың дамуы;
-
әлеуметтік дағдылар мен өзін-өзі үйрету дағдыларын дамыту;
-
4 К дағдыларын дамыту (креативтілікті, сыни ойлауды дамыту, тіл табысуға
дайын және командада жұмыс істей білу).
Мектепалды даярлық білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде 5
жастағы балалардың зияткерлік және физикалық дамуына жағдай жасайды,
мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін
қамтамасыз етеді.
Мектепалды даярлық міндетті және отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда,
жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды
даярлық сыныптарында іске асырылады («Білім туралы» ҚР Заңы 30-бап, 2-
тармақ). Мемлекеттік білім беру ұйымдарында мектепалды даярлық тегін болып
табылады.
Мектепалды даярлық аясында балалардың мектепке әлеуметтік-
психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік дайындығы
қалыптасады.
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері:
Достарыңызбен бөлісу: