93
«Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасы
оқушысына қазақ
тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сӛз,
сӛз тіркесі, сӛйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің
табиғатына
сай мәтін құратуды, мәтін құратудағы заңдылықтарды үйретуді,
тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сӛйлеудің нормаларын меңгертуді,
әсерлі сӛйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді кӛздейді.
Күнделікті
сабақ жоспарын құруда назар аударатын
мәселелер:
1) ұзақ мерзімді жоспарда кӛрсетілген
оқу мақсаттары арқылы
оқушылардың тілдік дағдылары дамытылып, жетілдіріліп отырады және тарау
аяқталған соң сол дағдылар бойынша бағаланады;
2) мұғалім сынып ерекшелігін ескере отырып, бір тарау барысында оқу
мақсаттарының ретін, оларға ұсынылатын сағат санын ӛзі
таңдап жоспарлай
алады және мектеп журналына белгілі бір тарау бойынша ұсынылған
тақырыпшаларды жазған дұрыс;
3) бір сабаққа таңдалатын оқу мақсатының саны 1-3
аралығында болуы
қажет, үштен артық мақсат таңдалса оқушыға қиын тиеді және оны жүзеге
асыру мүмкін болмайды;
4) қалыптастырушы және жиынтық бағалау оқу мақсаттарында
кӛрсетілген дағдылар бойынша жүзеге асады;
5) күрделі деп танылған оқу мақсаттарын мұғалім сабақ мақсатына қарай
бейімдейді және бірнеше бӛлікке бӛліп, бірнеше сабаққа жоспарлай алады;
6) бір сабақта сӛйлеу әрекетінің бір немесе екі түрі ғана таңдалады. Егер
сӛйлеу әрекетінің екі түрін таңдаған кезде рецептивті (тыңдалым, оқылым)
продуктивті дағдыға шығып отыруы қажет. Яғни
оқушы тыңдаған не оқыған
материал негізінде ауызша/жазбаша тапсырмалар орындауы қажет;
7) тыңдалым және оқылым дағдыларын қалыптастыру барысында мәтін
кезеңдерін (мәтіналды кезең, мәтінмен жұмыс кезеңі, мәтінсоңы кезеңі) қатаң
сақтау қажет;
8) жазылым және айтылым дағдыларын
қалыптастыру барысында
оқушыларға тақырып бойынша үлгі мәтіндер берілуі керек;
9) айтылым (диалог, монолог, полемика), жазылым (хат, хабарлама,
мақала, т.б.);
10) грамматика
коммуникативтік
контексте
оқытылады,
яғни
грамматика теориясынан гӛрі
оның функционалдығына, оқушылардың тілдік
бірліктерді ауызша және жазбаша түрде орынды қолдана білуіне аса мән
беріледі;
11) лексикалық тақырыптар бойынша материал таңдау барысында қазақ
тілі пәні мұғалімінің басты міндеті оқушының
сол тақырып бойынша тілдік
қорын байыту, тақырып бойынша ақпараттар бере отырып, шынайы ӛмірмен
байланыс орнату, пәнаралық байланысты жүзеге асыру барысында
оқушылардың академиялық сӛздерді орынды қолдана білуіне ықпал ету.
Сабақ жоспарын құрастыру барысында
оқушылардың деңгейі мен
қажеттілігіне сай әдеби тіл нормаларын қалыптастыруға назар аударған дұрыс.
94
Тілдік
бірліктер
мен
құрылымдарды,
яғни
грамматиканы
оқыту
коммуникативтік контекст негізінде жүзеге асырылуы керек. Яғни мұғалім тіл
туралы білім қалыптастырудан гӛрі тілдік қолданыс, грамматиканың
функционалдығына назар аударуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: