Қосымша бонус «Бұрыштар» тәсілі: Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт
жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс
деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста
тұжырымдайды және өздерінің көз қарастарын дәлелдейді.
2. «Ойлан-жұптас-бөліс».Берілген тапсырма (сұрақ) бойынша әрбір оқушы
жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі;
бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады.
3. Stop-кадр.Stop-кадр — видеофильмнің бір сәтімен (кадр) жұмыс. Кадрды
экранда тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа тартуға
болады. Сыныпта жұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады: оқушылардың
біреуіне кадрды көрсетіп, екіншісіне осы көріністі толықтай сипаттап беруін
тапсыруға болады, екінші оқушы оған нақтылау сұрақтарын беру арқылы
көмектесуіне болады.
4. Дыбыстау.Фильмнен өткен тақырыпқа байланысты немесе оқушылардың
деңгейіне сәйкес келетін үзіндіні дыбыссыз көрсетіп, оқушылардың рөлге еніп,
дыбыстауын тапсыруға болады. Алдымен үзіндіні дыбысымен көрсетсе де
болады. Дайындалуға оқушыларға жеткілікті уақыт беру қажет.
5. Серпілген сауал.Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау
дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында
бірінен-біріне сұрақтарды «лақтыру»: мысалы, «Асан, Айнаның пікіріне
қосыласын ба?», «Айна, Асанның жауабын тағы қалай толықтыруға болады?»,
«Асан, айтылған пікірлерді бір сөзбен қалай тұжырымдауға болады?»
6. «Сұрақты қағып ал».Мұғалім сұрақ қойған кезде оқушыларға бұршақ
салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді
және оқушыларды өз еркімен жауап беруге итермелейді. Оқушы жауапты
білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік беріледі.
Сұрақтардың қиындығына қарай оның бастапқы салмағын белгілеуге (ұпай
арқылы) болады. Мысалы, қағып алған оқушы жауабын білмей, қапшықты басқа
оқушыға лақтырса, сұрақтың құны 1 ұпайға кемиді. Бұл тапсырманы шағын
топтардың арасында да қолдануға болады; мұнда мұғалім қапшықты кезекпен
топтарға лақтырады.