А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет68/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

Маркалық берілгендік нарығы — бұл сатып алушылардың 
үлкен пайызының нарықта бар маркалардың біріне сөзсіз беріл-
гендігін көрсететін нарық. 
Фирма өз нарығында берілгендікті бөлуге саралау жүргізу 
арқылы көп нəрсені біле алады. Оған міндетті түрде өзінің тауар 
маркасына сөзсіз берілгендердің мінездемелерін зерттеу керек.
Фирма шыдамды берілгендерді зерттеудің арқасында өз мар-
касымен анағұрлым қатты бəсекеге түсетін маркаларды анықтай 
алады.
Фирмаға өз маркасынан бас тартқан тұтынушыларды зерттеу 
өзінің маркетинг бойынша əлсіз тұстарын білуге көмектеседі. 
Берілгендік сипаты жоқ тұтынушыларға келсек, фирма оларды өз 
маркасын ұсыну арқылы тарта алады. 
Адамдар əртүрлі уақытта тауар сатып алуға дайындықтың 
əртүрлі деңгейінде болады. Олардың кейбіреулері тауар туралы 
мүлдем хабардар емес, екіншілері хабардар болса, үшіншілері та-
уар жөнінде ақпарат алған, төртіншілері тауарға қызығушылық 
танытады, бесіншілері оны алуды қалайды, алтыншыларының са-
тып алу ойы бар. Əрбір топқа жіктелген тұтынушылардың сандық 
арақатынасы дайындалатын маркетингтік бағдарламаның сипаты-
на орасан зор əсер етеді.
Жалпы маркетингтік бағдарламаны сатып алуға дайындығы 
бойынша əртүрлі деңгейде тұрған адамдар тобының сандық 
бөлінісін көрсететіндей етіп құрастыру керек.
Нарықтық аудитория тауарға əртүрлі қарауы мүмкін. Яғни, 
қуану, жағымды, бейтарап, жағымсыз немесе қарсы. Сайлау ал-
дында пəтерлерді аралайтын саяси партияның үгітшілері сай-
лаушымен жұмыс істеуге қанша уақыт жұмсауда сайлаушының 
қатынасын басшылыққа алады. Олар партияны қуана қабылдайтын 
сайлаушыларға алғыс айтып, міндетті түрде дауыс беру керек-
тігін естеріне салады; жағымсыз немесе қарсы көзқарастағы 
сайлаушылардың партияға деген қарым-қатынасын өзгертуге 
уақыт жұмсамайды; есесіне жағымды пікірдегі сайлаушылардың 
сенімін арттыруға, бейтарап сайлаушыларды өз жағына тартуға 
тырысады. Демографиялық тəртіптің айнымалыларымен қатынас 
байланысы неғұрлым анық айқындалса, ұйымның келешегі бар 
əлеуетті клиенттерді игеру жұмысы соғұрлым тиімді болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет