А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


 Нарықтың ең тартымды сегменттерін анықтау



Pdf көрінісі
бет71/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

5.14. Нарықтың ең тартымды сегменттерін анықтау
Фирма нарықты игеру стратегиясын таңдауда жоғарыда сипат-
талған өлшемдерге сүйеніп, шоғырланған маркетинг əдістемесін 
таңдады делік. Енді оған өзі үшін ең тартымды сегментті анықтау 
керек.
Фирма қарда жүргіш көліктің үш түрінің (бензинді, дизельді 
жəне электр двигателі бар) кез келгенін шығаруды игеру-
ге қабілетті. Бұған қоса, фирма үш нарықтың кез келгені үшін 
қарда жүргіш көліктің құрылымын жасап беруге қабілетті: 
тұтынушылық, əскери, өнеркəсіптік нарық. 5.14. суретте тауарлы-
нарықтық үйлесімнің тоғыз нұсқасы көрсетілген. Егер фирма ба-
сында бар күшін бір ғана сегментке шоғырландыруды қаласа, онда 
басшылыққа бұл сегментті анықтауға тура келеді.
Бензинді двигателі 
бар қарда жүргіш
Дизельді двигателі 
бар қарда жүргіш Тұтынушылық НАРЫҚТАР 
5.14. сурет. Қарда жүргіш көлікке қолданылатын 
тауарлы-нарықтық кесте
5.15. Тауарды нарықта орнықтыру
Фирма қандай сегментке шығатынын шешкеннен кейін, бұл 
сегментке қалай ену керектігін анықтауға тиісті. Егер сегмент 
бұл уақытта тұрақтандырылған болса, онда аталмыш сегментте 
бəсекелестік бар деген сөз. Бұған қоса, бəсекелестер сегмент ая-
сынан өз орындарын анықтап үлгерген. Өз орнын анықтау туралы 
мəселені шешпес бұрын, фирма барлық бəсекелестердің орында-
рын зерттеу керек.


120
121
Қарда жүргіш көлік шығарушы фирма мақсатты сегменттегі 
сатып алушыларды қарда жүргіш көліктің екі түрлі көрсеткіші 
қызықтыратыны туралы білді делік: көлемі жəне жылдамдығы. 
Əлеуетті клиенттер мен дилерлердің арасында осы көрсеткіштер 
тұрғысынан бəсекелестер шығаратын қарда жүргіш көліктерді 
қалай қабылдайтындары жөнінде сауалнама жүргізуге болады. 
Сауалнама нəтижелері 5.15. суретте берілген. Сұралғандар «А» 
бəсекелесті жылдам қозғалатын шағын қарда жүргіш шығарушы
«Б» бəсекелесті жылдамдығы орташа, орташа көлемді қарда 
жүргіш шығарушы, «В» бəсекелесті шағын жəне үлкен көлемді 
баяу жүретін қарда жүргіш шығарушы, «Г» бəсекелесті баяу
жүретін үлкен қарда жүргіш шығарушы деп санайды.
Фирмаға нарықтың барлық тоғыз сегменті туралы ақпарат 
жинау керек. Бұл сату көлемінің ақшалай көрсеткіші, өткізудің 
артуының күтілетін шапшаңдығы, пайданың болжанған көлемі, 
бəсекелестіктің қарқыны, маркетинг арналарына қойылатын талап 
туралы мəліметтер болу қажет. Ең тиімді сегменттің ағымдағы 
өтімі, даму шапшаңдығы жəне табыс көрсеткіші жоғары, бəсе-
келестігі əлсіз, маркетинг арналарына қойылатын талабы жеңіл 
болуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет