А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


 Өнеркəсіптік мақсаттағы тауарлар нарығын



Pdf көрінісі
бет69/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

5.12. Өнеркəсіптік мақсаттағы тауарлар нарығын 
сегменттеудің негізгі ұстанымдары
Өнеркəсіптік мақсаттағы тауарларды географиялық ұстанымы 
жəне ізделген пайда, тұтынушының мəртебесі, тұтыну қарқын-
дылығы, берілгендік дəрежесі, тауарды қабылдауға дайындығы 
жəне оған қатынасы бойынша бірқатар мінез-құлықтық айныма-
лыларға сегменттеуге болады.


116
117
Өндірістік мақсаттағы тауарлар нарығын сегменттеу, көбіне 
тауардың соңғы тұтынушыларының түрлері бойынша жүреді. 
Əртүрлі соңғы тұтынушылар тауардан түрлі пайданы жиі іздейді. 
Демек, оларға қатысты маркетингтің түрлі кешендерін қолдануға 
болады. Мысал үшін транзисторлар нарығын қарастырайық. 
Өндірістік мақсаттағы тауарлар нарығын сегменттеу үшін 
қолдануға болатын тағы бір айнымалы тапсырыс берушінің 
салмақтығы болып табылады. 
Ірі тапсырыс берушілер. ИМБ, «Пруденшиал» жəне «Стандард 
сил» секілді корпорациялардың əрбіріне жергілікті жердегі өткізу 
аудандарындағы басқарушылардың жұмысына жетекшілік ететін 
жалпыұлттық басқарушы басқаратын жекелеген бөлімдер қызмет 
көрсетеді. 
Дилерлер арқылы қызмет көрсетілетін тапсырыс берушілер
Ұсақтау тапсырысшыларға фирманың өткізу аудандарында 
«Стилкейс» тауарының саудасына артықшылық беретін дилер-
ұстаушылармен тығыз қатынаста жұмыс істейтін сату жөніндегі 
қызметкерлер қызмет көрсетеді. 
Өндірістік фирмалар əдетте өздерінің мақсатты нарықтарының 
мүмкіндіктерін оларды сегменттеу үшін бір мезгілде бірнеше ай-
нымалыларды қолдана отырып, бағалайды.
5.13. Нарықтың мақсатты сегменттерін таңдау
Маркетингті сегменттеу сатушы шығатын нарықтың түрлі 
сегменттерінің мүмкіндіктерін ашады. Осыдан кейін фирмаға 
міндетті түрде келесі мəселелерді шешу керек: 1) Қанша сегментті 
игерген дұрыс? 2) Өзіне ең тиімді сегменттерді қалай анықтауға 
болады? Фирма нарықты игерудің үш стратегиясын қолдана ала-
ды: дифференцияланбаған маркетинг; дифференцияланған марке-
тинг; шоғырланған маркетинг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет