МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет8/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Хандақтан оралу
Ахзаб әскері келген ізімен кері қайтуға мәжбүр 
болды. Ұхыд пен Хамраул Әсадты ұмытпаған 
мүшріктер соңдарынан қуғыншы шықса, қорғанатын 
қалқан болсын деп Халид ибн Уәлид пен Амр ибн 
Ас бастаған атты әскерді біршама артта қалдырды. 
Таң атқанда дұшпан орналасқан жерде бір де бір кісі 
қалмаған болатын.
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
олардың артынан 
қарап тұрып былай деді:
– Аллаһ жалғыз. Ол әскерімізді қасиетті қылды. 
Өзінің сүйікті құлдарына қолдау көрсетіп, Ахзаб-
ты тас-талқан етті. Бұдан кейін жағдай күрт өзгереді. 
Ендігі жерде олар бізге емес, біз оларға талап қоятын 
боламыз!
Хандақтан қайтып бара жатып Әбу Суфиян Аллаһ 
елшісіне хат жазып Әбу Усама әл-Жушемиге тапсырды. 
Ол хатта былай деп жазылды:
– «Лат пен Уззаға ант етіп, Аллаһтың атымен бас-
таймын! Қуатты әскер жинап жорыққа аттандым. Өзіңе 
тікелей жетіп, түп-тамырыңмен жойып жіберуге 
тырыстым. Бірақ сен бізден қашқақтап, Хандақтың 
артына тығылдың. Екеуміздің арамызда күндердің-
күнінде әйелдерді де бауыздайтын Ұхыд секілді қанды 
қырғын болатыны анық!
Жеңілген күреске тойған ба, ойсырай жеңілгеніне 
қарамастан Әбу Суфиян өзі алысқа шегінсе де 
қарсыластарын сөзбен қорқытып, өзін күшті қылып 
көрсетуге тырысты.
Аллаһ елшісіне 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
жіберген 
хатын Үбәй ибн Кағб оқыды. Хатты оқып болған соң 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
былай деп жауап 
жаздырды:


13
Хандәк соғысы 
– «Хатыңды алдым. Әскеріңнің көптігіне сеніп 
әлі де қайтар емессің! Сөздеріңе қарасам бізді құртпай 
тынбайтын түрің бар! Бірақ арада болған текетіресте 
Аллаһ тағала бізді қолдап келеді. Аллаһ тағала әлі-ақ 
Лат, Узза, Исаф, Найла және Хубәлді жермен-жек-
сен ететін күнімді саған көрсетеді. Мұны есіңнен 
шығарма, Бәни Ғалибтің көрсоқыры!»
Қылышқа жүгіну секілді қаламмен жұмыс істеудің 
де маңызы зор. Бұл жерде Аллаһ елшісінің 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 
жауабы жеңілгеніне қарамастан қоразданған 
Әбу Суфиянды сөзбен басып, келешекте тап болар 
қатерлерден хабардар ету еді.
Мүшріктер Хандақтан шегінген соң шеп құрудың 
қажеті қалмады. Сондықтан Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
Мәдинаға қайтуды бұйырды. Бірақ, Бәни 
Құрайзаны ойлағандықтан сахабаларға кері қайту 
жайлы қуанышты хабарды айтпай тұрып, бір нәрсенің 
басын ашып алу қажет еді.
Өтірік сылтаумен әскер қатарынан сытылып 
шығып кеткен Ахзаб сарбаздарының кейбірі әскердің 
шегінгенінен бейхабар болатын. Олар: «Мұсылмандар 
қашан жойылады екен» деген оймен қуанышты хабар 
күтіп жатты. Олар Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
сау-саламат қайта оралуын өкінішпен қабылдады. 
Бұлардың арасында Аллаһ елшісінің 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
Бәни Құрайза тайпасы да бар еді. Оларды көп 
үміттендірген Ахзаб әскері тас-талқаны шығып кері 
шегінді.
Шамамен бір айға созылған текетіресте 
мүшріктерден 3 кісі өліп, сахабалардан 8 кісі шейіт 
болды. Сол кезде Жәбірейіл періште келіп, Хандақтағы 


14
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
соғыста әрбір жасақтың ішкі жағдайын тілге тиек етіп, 
болған оқиғаларды бастан-аяқ баяндап берді
4



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет