Əдебиеттер: нег.1 [14-38], 2 [9-30], 3[18-48], 5 [17-48] , 4 [7-13],
қос. 9 [5-45] , 25 [1-15], 26 [1-10] , 27 [1-12] .
Бақылау сұрақтары:
1.Зертттелетін судың құрғақ қалдығы деген не? Құрғақ қалдықты анықтау
жолдары?
2. Судың қышқылдығы қалай анықталады? Еркін жəне жалпы
қышқылдықты анықтау жолдары.
3. Судың сілтілігі қалай анықталады? Еркін жəне жалпы сілтілікті
анықтау жолдары.
4. Табиғи сулардың құрамында болатын негізгі аниондарды атаңыздар.
5. Карбонаттық жəне жалпы қаттылыққа анықтама беріңіз. Оларды
анықтау əдістері неге негізделген?
6. Судың рН қандай əдістермен анықталады?
7. Судың буферлігі деген не?
3-тақырып: Суды реагентті коагуляция жəне флокуляция
əдістерімен тазарту (коагулянт жəне флокулянттың оптимальді мөлшерін
анықтау).
Тапсырма: Оқытушы зерттеуге берген суды тазартудың лабораториялық
жұмысының орындау əдістемесімен танысу. Сынақты коагуляция əдісі
арқылы, тазартылатын суды ең жақсы ағартатын коагулянт жəне
флокулянттың оптимальды дозасын анықтау. Алдын ала тəжірибе арқылы,
бастапқы судағы жүзгіндердің мөлшерін анықтау қажет (тазарту алдында),
соңынан тазартылған судағы жүзгіндердің құрамын табу керек. Суды ағарту
дəрежесін (у, % байынша) формула арқылы анықтайды.
%
100
1
2
1
·
-
=
М
М
М
у
,
мұндағы, С
0
– бастапқы судағы жүзгіндердің мөлшері, г/л;
С
1
– тазартылған судағы жүзгіндердің мөлшері, г/л.
Əдістемелік ұсыныстар: Əр түрлі технологиялық процесте қатты жəне
сұйық фазаларды бөліп алу керек. Суды жүзгіндерден тазарту кезінде, сондай-
ақ суспензияларда фазаларды бөлу кезінде де бөлшектердің тазмерлерінің
кішкентайлығымен жəне жүйелердің агрегаттық тұрақтылығының жоғары
болуымен
байланысты, қиындықтар
болады. Осы
процестердің
интенсификациясы коагулянттар мен флокулянттардың жəне əсіресе олардың
83
қоспаларының əсерінен, бөлшектердің агрегаттарға іріленуі арқылы жүзеге
асады.
Бөлшектердің
агрегациясына
əкелетін
төменгі
молекулалы
бейорганикалық электролиттер коагулянттар деп аталады, мысалы, заряды
үлкен алюминий, темір, титан, т.б. катиондардың тұздары. Коагулянттардың
маңызы олар гидрофобты коллоидты жүйелерді түзе алатындығында, олар
коагуляция кезінде ластанған судың бөлшектерін өзіне сорбциялайтын,
ұлпақтар түзеді.
Адсорбцияланған немесе химиялық байланысқан полимердің
макромолекулаларының бірнеше бөлшектерінің бірігуі арқылы агрегаттар
түзілуіне көмектесетін органикалық жəне бейорганикалық жоғары молекулалы
қосылыстар флокулянттарға жатады. Флокулянттар негізгі үш топқа бөлінеді:
бейорганикалық полимерлер, табиғи жоғары молекулалы заттар, синтетикалық
органикалық полимерлер. Синтетикалық флокулянттардың арасында кең
тараған
полиакриламид (ПАА), оны
акриламидтің
су
ертіндісін
полимеризациялау арқылы аламыз.
Лабораториялық жұмыстың мақсаты суды жүзгіндерден коагулянттар
(алюминий сульфаты) жəне флокулянттардың (полиакриламид ПАА)
көмегімен тазалаудың реагенттік əдісімен жəне флокулянт полиакриламидтің
оптимальді мөлшерін анықтау. Бұл əдіс флокуляцияланған жүзгін заттар
тұнғаннан кейін, оптикалық тығыздығын өлшеу арқылы судың лайлығын
(мөлдірлігін) анықтауға негізделген.
Тəжірибені жүзгіндері бар табиғи өзен суында жүргізіледі. Флокулянттің
оптимальді мөлшері «сынақты коагуляциялау» əдісі бойынша жүргізіледі. Осы
əдіс бойынша бірнеше шыны стаканға зерттелінеті судың белгілі мөлшерін
құйып (100 мл-ден), флокулянт ертіндісінің əр түрлі мөлшерлері қосылады,
қажет болса, суды сілтілендіруге арналған реагент қосылады (мысалы, известь
сүті). Стакандардың ішіндегіні 30-40 секундтай интенсивті түрде, сосын шыны
таяқшамен 2 минут жəй араластырамыз. Жəй араластыру ұлпақ түзілуін
қамтамассыз етеді. Содан кейін стакандарды 20-30 минутқа қойып қояды да,
ұлпақ түзілу процесін бақылайды. 15 минуттан кейін жақсы ұлпақ түзілетін,
20-30 минуттан кейін олар тұнбаға жақсы түсетін коагулянттың мөлшері
оптимальді болып саналады.
Лабораториялық жұмысты орындау барысында екі тəжірибені қатар
жүргізуге болады жəне суды жузгіндерден тазалаудың тиімділігі мен реагенттің
оптимальді мөлшерін анықтағанда алынған мəндерді салыстыруға болады.
Тəжірибенің бірінші бөлімінде суға тек қана 0,02% флокулянт (ПАА)
ерітіндісін белгілі мөлшерде – 0,25-тен 2,0 мг/л-ге дейін (0,25; 0,5; 1,0; 1,5; 2,0).
Флокулянт ертіндісін қосқаннан кейін стакан ішіндегі ерітіндіні араластырамыз
(жоғарыда көрсетілгендей) тұндырғаннан кейін мөлдірленген судан проба
аламыз да, оптикалық тығыздығын жəне ертіндінің жарық өткізгіштігінің
пайызын көк жарық фильтрінде (СФ – 400нм) 20мм-лік кюветада өлшейміз.
Графиктің негізінде ерітіндінің максимальді жарық өткізгіштігі байқалынатын,
яғни ең кіші оптикалық тығыздық жəне зерттелінетін судың ең жақсы
тазартылуы байқалатын, ПАА-тің ең кіші мөлшері таңдап алынады.
84
Тəжірибенің екіншіі бөлімінде əр такандағы зерттелінетін суға алдын ала
коагулянттың бірдей мөлшері қосылады (10 мг/л 1%-тік алюминий
сульфатының ертіндісі). Араластырғаннан кейін (30 сек аралығында),
пробаларға флокулянттың ПАА (бірінші зерттеу жұмысында сияқты) белгілі
мөлшерін қосамыз (тəжірибенің бірінші бөліміндегідей). Тұндырудан кейін
мөлдірленген судың оптикалық тығыздығын жəне жарық өткізгіштігінің
пайызын өлшейміз. Тəжірибенің екі бөлімінен алынған нəтижелерді салыстыру
негізінде, алюминий сульфаты коагулянтын енгізудің тиімділігі туралы
қортынды жасау керек.
ПАА флокулянтінің мөлшерін есептеу.
Берілген 0,1%-тік ПАА ерітіндісінен араластыру əдісімен 0,02%-тік,
құрамы 0,2 г/л немесе 0,2 мг/мл жұмыс ерітіндісін дайындау керек.
Зерттелінетін суға мысалы, 0,25 мг/л ПАА мөлшерін енгізу үшін, осы
мөлшердін көлемі пропорция құру арқылы есептелінеді:
0,2 мг - 1 мл
0,25 мг - х мл х = 0,25*1/0,2 = 1,25 мл
Осылайша, 1 л суға 1,25 мл ПАА, ал 100 мл суға , сəйкесінше, 0,13 мл
0,02 % ПАА қосу керек.
Осылай флокулянттың барлық мөлшерлері есептелінеді. Есептелу
нəтижелері кестеде келтірілген:
№
ПАА мөлшері, мг/л
ПАА көлемі, мл/л
ПАА көлемі, л/100мл
1
0,25
1,25
0,13
2
0,50
2,50
0,25
3
1,00
5,00
0,50
4
1,50
7,50
0,75
5
2,00
10,0
1,00
Алюминий сулфаты А1
2
( SО
4
)
3
*18Н
2
О реагентінің дозасын есептеу
Коагулянт дозасын алюминийдің құрғақ сульфатына есептейді, бастапқы
ерітіндіні - 0,1% құрғақ зат бойынша дайындайды, құрамы 1 г/л немесе 1 мг/мл
болып табылады. Мысалы, зерттелетін суға дозасы 10 мг/л болатын реагент
қосу қажет болса, дозаның көлемін төмендегі пропорция бойынша анықтайды:
1 мг - 1 мл
10 мг - х мл х = 10*1/1= 10 мл
Сонымен, 1 л суға 0,1% , 10 мл алюминий сульфатын қосу қажет, ал 100
мл суға осыған сəйкес 1 мл коагулянт қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |