Керейбаева Гүлсара Хабиболлақызы


Əдебиеттер: нег. 5[206-220], қос. 15[37-41]. Бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет49/59
Дата16.11.2022
өлшемі0,66 Mb.
#50610
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59
Байланысты:
табиги суларды тазарту адистери

Əдебиеттер: нег. 5[206-220], қос. 15[37-41].
Бақылау сұрақтары:
1. Фильрдің қорғаныс əсерінің уақыты деген не?
2. Фильтрлену көрсеткіші мен фильтрдің қорғаныс əсерінің уақытын
анықтау əдістемесін түсіндіріңіз.
3. Фильтрлеу уақытының ұзақтығы мен судың лайлығының арасында
байланыс бар ма?
5-тақырып: Ағынды суларды биологиялық əдіспен тазарту, тазарған
судың сапасын ОБҚ
5
 жəне ОХҚ көрсеткіштері бойынша бақылау.
Тапсырма: Оқытушының тапсырмасы бойынша активті илдің көмегімен
ағынды суды биологиялық тазарту керек. Бастапқы судың негізгі
сипаттамаларын анықтаңыздар: рН, ОХҚ, ОБҚ, жүзгін заттардың мөлшерін.
Тазарту кезінде судан уақытқа байланысты проба ала отырып, оның негізгі
сипаттамаларын анықтаңыздар. Активті илдің концентрациясын жəне илдік
индексті есептеңіздер. Алынған нəтижелердің негізінде ОБҚ, ОХҚ, рН, илдік
индекстің уақытқа байланысты өзгеруінің графигін сызыңыздар.
Əдістемелік ұсыныстар: Жұмыстың мақсаты өндірістік ағынды
сулардың жəне активті илдің негізгі сипаттамаларын (ОБҚ, ОХҚ, ил индексі)
анықтауға дағдылану. Технологиялық факторлардың (активті илдің
концентрациясының, активті илге ОБҚ жүктемесінің, ағынды сулардың
құрамының, температураның, рН, ауа шығынының жəне т.б.) ағынды суларды
биологиялық тазарту əдісіне əсерлерін зерттеу.
Биологиялық тазарту əдісі құрамында бейорганикалық жəне органикалық
заттардың үлкен тобы бар ағынды суларды заласыздандырудың болашағы зор
əдістерінің бірі.
Ағынды суларды биологиялық тазарту əдісі органикалық заттарды тірі
организмдердің қатысуымен ыдыратуға негізделген.
Ағынды суларды тазартудың толық схемасы механикалық жəне
биологиялық тазарту стадияларынан, ағынды суларды залалсыздандырудан
жəне алынған тұнбаларды өңдеуден тұрады. Биологиялық əдістің мынадай
жетістіктері бар: ағынды сулардан əр түрлі органикалық қосылыстарды бөліп
алу мүмкіндігі, аппаратурасы қарапайым, эксплуатациялық шығыны көп емес.
Осыған байланысты, тазарту ғимараттарын салуға жоғары капитальдық шығын
қажет болса да, ағынды суларды биологиялық тазарту əдісі өндірістік жəне
тұрмыстық шаруашылықта кең қолданыс тауып отыр.
Тазарту тиімділігі органикалық жəне бейорганикалық заттарды активті ил
арқылы утилизация жасаумен жүзеге асырылады.


87
Активті илдің микроорганизмдері мен қарапайымдарының өздерінің
тіршілік барысында, ең күрделі химиялық қосылыстарды (углеводтарды,
белоктарды, майларды, ароматты, алифатты, полициклді көмірсутектерді жəне
олардың туындыларын, азот, күкірт қосылыстарын жəне кейбір металдарды)
утилизация жасауға қабілеттері бар.
Күрделі заттардың ыдырауы микроорганизмдердің клеткаларындағы
каталитикалық активтілігі жоғары катализатор-ферменттер (энзимдер) арқылы
жүзеге асады. Ферменттер клетканың мұқтаждығына сəйкес өндіріледі, кейбір
ферменттер тек қажеттілік болған кезде ғана өндіріледі (индуцирленген жəне
индуктивті ферменттер).
Организмдердің индуктивті ферменттерінің болуы, оның зат алмасуының
жоғары активтілігін қамтамасыз етеді, қоршаған ортаға жоғары биімделу
қабілетін қамтамасыз етеді.
Ағынды суды тазартудың маңызды көрсеткіштерінің бірі активті илдің
биомассасының өсуі жəне клеткалардың өсу жылдамдылығы.
Биомасса өсуі биохимиялық ыдырауға ұшырайтын (ОБҚ) органикалық
заттардың мөлшерінің, ағынды сулардың құрамындағы органикалық заттардың
жалпы мөлшеріне (ОХҚ) қатынасына байланысты. Бұл қатынастың шамасы
үлкен болған сайын, биомассаның өсуі де үлкен, себебі ол ОХҚ мен ОБҚ
арқылы бағаланатын органикалық заттардың мөлшерінің айырмашылығына
байланысты. Сонымен қатар, биомассаның өсуіне микроорганизмдердің
тіршілік жағдайлары да əсер етеді.
Биомассаның өсуін шамамен есептеу үшін төмендегі теңдеуді қолдануға
болады:
G = К*(ОХҚ – ОБҚ),
Мұндағы G – аэротенктегі активті ил биомассасының өсуі, толық
тазартуға есептелген, мг/кг;
К – пропорционалдық коэффициенті, илдің сапасын сипаттайды
(өндірістік ағынды сулар үшін К = 0,1 – 0,9).
Биомассаның қосынды өсімін салмақтық əдіспен анықтау ұсынылады.
Биологиялық тазарту əдісін лабораториялық жағдайда, екі бағанадан тұратын
биототықтырғыштарда жүргізеді. Бірінші бағанада, бағанаға құйылған ағынды
судың құрамындағы органикалық заттарды биологиялық тотықтырады. Екінші
бағанада активті илдің регенерациясын жүргізеді. Екі бағанаға да ауа беріліп
тұрады.
Қондырғыда жұмыс істеу үшін, бағананы тазартылатын сұйықпен
толтыру қажет, ауа беретін қондырғыны қосу жəне ауаның қажетті мөлшерін
тағайындау керек. Тазартуды оқытушының тапсырмасына сəйкес жүргізу
қажет. Бағананың жұмысын тоқтату үшін, ауа беретін қондырғыны өшіру жəне
ауа беретін тетіктерді жабу қажет.
Жұмысты орындау тəртібі. Жұмысты бастар алдында бастапқы судың
сипаттамаларын анықтау керек: рН, ОБҚ, ОХҚ, жүзгін заттардың мөлшері жəне
т.б.берілген тапсырмаға сəйкес.
Одан соң суды тазартуға дайындайды: қажетті рН жасау, қоректік
заттардың қажетті мөлшерін енгізу, ротаметрдің көмегімен ауаның қажетті


88
шығынын тағайындау қажет. Қондырғы жұмысының басталған уақытын
белгілеп алу керек. Бастапқы суды ОБҚ жəне ОХҚ бойынша анализ жасайды.
Анализ төмендегі əдістеме бойынша жасалады.
Бірінші анализге пробаны, қондырғы жұмысы басталғаннан кейін бір
сағаттан соң алады, ОБҚ,ОХҚ, активті илдің (АИ) концентрациясы жəне илдік
индексі бойынша анализ жасайды. Одан əрі əрбір жарты сағат сайын
(оқытушымен келісіліп) анализге проба алынып отырады.
1-кесте
Анализдердің нəтижесін төмендегі 1-кестеге толтырыңыздар.
Уақыт 
Температура
0
С
рН
ОХҚ
ОБҚ
Илдік
индекс
АИ
концентра-
циясы, мг/л
Алынған нəтижелердің негізінде ОБҚ, ОХҚ, рН, илдік индекстің уақытқа
байланысты өзгеруінің графигін сызыңыздар.
Активті илдің концентрациясын анықтау əдістемесі. Алдын ала
өлшенген жəне кептірілген фильтрді, су ағыны насосымен жалғастырылған,
Бюхнер май құйғышы (воронка) кигізілген, Бунзен колбасына салады. Фильтрді
сумен дымқылдайды, тығыздап насоспен сорады жəне оған 50 мл зерттелетін
сұйықты құяды. Сұйық фильтрленіп болған соң, тұнбаны дистелденген сумен
жуады.
Фильтрді тұнбасымен бірге, алдын ала өлшенген бюкске салып, 105
0
С
температурада кептіргіш шкафта кептіреді. Бюксті фильтрмен бірге
эксикаторда 30 минут бойы салқындатады, одан соң өлшейді.
Ил қоспасындағы активті илдің құрғақ массасын (а, г/л) анықтайды:
a =
(
)
50
1000
*
c
B
-
,
Мұндағы, В – фильтрмен жəне тұнбамен бірге бюкстің массасы, г;
С – бюкстің фильтрмен массасы, г.
Илдік индексті анықтау. Əдістің мəні 30 минут аралығында
тұндырылғаннан кейін 1 г активті илдің бір литрлік стандартты цилиндрде
алатын көлемін анықтау болып табылады.
Анықтау тəртібі. Алдындағы əдістемеде алынған нəтижелерді
пайдалана отырып, құрамында 0,1 г құрғақ зат болатын активті илдің көлемі
( V, мл) анықталады:
V =
a
100
,
мұндағы а – активті илдің құрғақ массасы, г/л.
Ил қоспасының алынған көлемін сиымдылығы 100 мл өлшемдік колбаға
құйып, əбден араластырғаннан кейін, дистелденген сумен көлемін белгіге дейін
толтырады жəне 30 минутқа қалдырады.
Илдік индексті (I, мл) формула бойынша анықтайды:


89
I =
1
.
0
V
,
мұндағы V – активті илдің алатын көлемі, мл; 0,1 – құрғақ зат.
Нəтижелерді тұтас мəнге дейін дəлдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет