6. Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау. Көптеген
мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші кезекті
болып табылады. Алайда, техникалық тәсілдер мен бағалау және емтиханның жиілігі білім
беру бағдарламасының мазмұны мен оның қалай оқытылатындығына едәуір ықпал ететіні еш
күмән туғызбайды.
Оқу үшін бағалаудың маңызы Кез келген мұғалім «Оқу үшін бағалау» неліктен оқыту мен оқуды жетілдіру проблемала-
рын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды
да. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың
ата-аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау
оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ойды қабылдау үшін біздің түсінігімізді
едәуір өзгерту қажет болады.
Бағалаудың мәні «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы
кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін
немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият
бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер мен емтихандардан бастап, мұғалімдер сы-
ныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды.
Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен
қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға
негізделеді. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді
қамтиды:
• қадағалау; • алынған мәліметтердің интерпретациясы;
• бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды.
Қадағалау Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын,
сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет.
Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, яғни, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орын-
дап отырған оқушыларды қадағалау немесе олардың орындаған сынып және үй жұмыстарын
тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алудың
ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. Жазбаша тапсырма немесе тест
жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайларда дұрыс таңдалған
ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауапта-
ры бақылануы керек. Басқа сөзбен айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін
анықтай білуі қажет.