Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


Білімнің технологиялық аспектісі (БТА)



Pdf көрінісі
бет64/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   198
Байланысты:
studentke arnal an n s auly

Білімнің технологиялық аспектісі (БТА)
Білімнің технологиялық аспектісі – технологиялық білім (ТБ) мен пәндік білімнің (ПБ) 
өзара әрекеттесуінің тәсілін білу. АКТ қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына 
ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа, 
алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті 
қамтамасыз ете алады. Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, оқыту технологияларын 
қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек.
Мысалы, жаратылыстану ғылымдары саласында интернет желісінде қолжетімді көптеген 
модельдеулер (симуляциялар) бар. Модельдеу (симуляция) олардың әрекет етуі туралы 
мәлімет алу үшін жаратылыстану жүйелерін немесе адам жүйелерін ғылыми модельдеу үшін 
жиі қолданылады. Модельдеу баламалы шарттардың және іс-әрекет жоспарларының болжам-
ды шынайы әсерлерін көрсету үшін қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ модельдеу нақты жүйе, 
оған қол жеткізу мүмкін болмауына байланысты қолданыла алмаған жағдайда немесе оның 
қолданылуы қауіпті болса не рұқсат етілмесе, жүйе енді жасалып жатқанда немесе мүлде жоқ 
болғанда қолданылады.
Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ)
Үш білім саласының қиылысу ортасында технологиялық, педагогикалық және 
мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер 
қарастырды. Олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсартуға ықпал ете алатын 
болса, онда жоспарлау үдерісі пән бойынша арнайы білімдердің оқушылардың осы білімдерді 
қалай игеретінін түсінумен бірге жүруін көздеуі керек. Оның үстіне, Мишра мен Кёлердің 
пайымдауынша, барлық үш білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті 
мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады. Сонымен қатар зерттеушілердің ай-
туынша, осындай мұғалімдер зертханада жұмыс істейтін ғалымдармен, бағдарламашылар, 
технологиялық сарапшылармен немесе жаңа технологияларды пайдалану жөнінде білімдері 
жеткіліксіз тәжірибелі мұғалімдермен салыстырғанда, оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдануда 
асқан ептілік танытады.
Қорыта келгенде, жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын ықпалдастыру 
мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланыста белсенді 
қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқыту мен оқу үдерістерін білікті түсіну 
көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет