Руководство для Студента ппс как Тренеры indd


Педагогикалық білім (ПедБ)



Pdf көрінісі
бет62/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   198
Байланысты:
studentke arnal an n s auly

Педагогикалық білім (ПедБ)
Педагогикалық білім білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен 
міндеттерін білуге негізделетін оқыту мен оқу үдерістері, тәжірибесі мен әдістері ту-
ралы терең білімділік. Кез келген мұғалім үшін осы білімдер кешені қажетті болып та-
былады және оқушыны оқыту үдерісіне, сыныпты басқаруға, сабақты жоспарлау және 
өткізуге, оқушыларға баға қоюға қатысты мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар ПедБ 
құрамына сабақта қолданылатын тәсілдер мен әдістерді білу, мақсатты аудитория сипаты, 
оқушылардың оқу материалын меңгеріп алуын бағалау стратегиясы кіреді. Білікті мұғалім 
оқушылардың білімді меңгеруінің және дағдыларды қалыптастыруының үдерістерін 


58
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
түсінуге көмектесетін терең педагогикалық білімге ие, олардың ақыл-ой қасиеттерін, 
оқуға деген эмоциялық жағымды қатынасын дамытады. Шын мәнісінде, педагогикалық 
білім оқытудың танымдық, әлеуметтік және дамытушы теорияларын, оларды сыныптағы 
оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті қажет етеді. 16-суретте 
педагогикалық білімдерге негізделетін тиімді оқыту мен оқудың тоғыз түйінді ұстанымы 
сипатталған.
Білімді
арттырады
Алдыңғы білім
мен тәжірибеге
негізделеді
Оқушының
белсенді қатысуына
ықпал етеді
Оқу үшін
бағалау мен оқуды
бағалауды
қолданады
Мұғалім оқуға
қолдау көрсетеді
Әлеуметтік және
жеке үдеріске
ықпал етеді
Бейресми оқу
жүзеге асады
Мұғалім біліміне
байланысты
Оқушыны бүкіл
өміріне жеткілікті
біліммен
жабдықтайды
16-сурет. Оқу мен оқытудың түйінді тоғыз қағидаты
Жаратылыстану ғылымдарын оқыту төменгі сынып оқушыларының ғылыми идеялар-
ды қалыптастыруының ерекше тәсілін қажет ететіндігін айта кету керек, бұл білімдердің 
педагогикалық аспектісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет