Руководство для Студента ппс как Тренеры indd



Pdf көрінісі
бет68/198
Дата16.11.2022
өлшемі13,21 Mb.
#50739
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   198
Байланысты:
studentke arnal an n s auly

Wiki беттері
Wiki дегеніміз не?
Wiki бір топ адамға HTML немесе басқа бағдарлама тілін білмей-ақ, web-сайтты бірлесіп 
дамытуға мүмкіндік береді. Кез келген адам wiki-де беттерді қоса алады немесе редакциялай 
алады – бұл толық эгалитарлы (тең құқылы) болып табылады. Беттің атымен жаңа сілтемені 
жасай отырып, кез келген адам wiki-дің жаңа беттерін жасай алады. Беттер иерархиялық 
қағидатпен емес, олардың арасындағы еренсілтемелермен байланыстырылған.


63
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
Кейс-стади: wiki бетін жаратылыстану ғылымы сабақтарында пайдалану
Сабақ жоспарына қысқаша шолу
Сабақ басталғанға дейін мен үш оқушыдан тұратын топ құрдым. Мен оқушыларды тек 
олардың қабілеттерін ғана емес, тұлғалық ерекшеліктерін негізге ала отырып, ең тиімді ком-
бинациялар жасайтындай етіп топтастыруға тырыстым. Тұтастың бөлшектерін қалай бөлуге 
болады деген сияқты нақты тақырып бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен тұратын жеті түрлі 
wiki беттерін жасадым. Ақпарат дұрыс, дұрыс емес немесе жартылай аяқталмаған болды 
және де бұл оқушылар үшін бастапқы материал болатын.
Мен жасаған wiki беттерінде топ ішінде талқылауға түрткі болатын «бастапқы 
материалдың» белгілі бір мөлшері болды. Барлық оқушыларға өз деңгейлеріне сай келетін 
тапсырма бергім келгендіктен, әртүрлі топқа түрлі мөлшердегі материал таңдадым. Ал бір 
топқа ең қиын тапсырма берілді, оларға ешқандай материал берілмей, тек таза парақ пен 
атауы берілді.
Оқушыларды wiki-ді пайдалануға тарту 
Бұл оқушылар тобы үшін сабақта wiki-ді пайдалану жаңалық болды. Біз алдыңғы 
сабақта «Википедия» деген не екенін түсінуге бірнеше минут қана бөлдік, бірақ тақырып 
толық ашылған жоқ. Оқушыларды жұмысқа тартып, әрекеттерге қатыстыру үшін, 
олардың біреудің жұмысын өзгертуге және оны өзінің түсінігімен ауыстыруға жеткілікті 
деңгейде сенімді болғаны керек. Сабақтың басында пайда болатын проблемалардың ал-
дын алу үшін, мен өзімнің wiki беттеріме белгісіз бір дереккөз араласып кеткендей етіп 
көрсеттім де, тақырыпты қайта қарау кезінде оларды түзетуге сынып оқушыларынан 
көмек сұрадым.
Менің беттерімді өзгертуде және үй жұмысы ретінде берілген бір-бірінің wiki беттерін 
редакциялау тапсырмасы кезінде де оқушыларда қиындық тудыратындай ешқандай мәселе 
болған жоқ, бұл «өзін өзі жетілдіру» ретінде қаралды.
Жұмыстың бұл түрін пайдалануға үйренген сынып, кейін бір-бірінің жұмысын емін-
еркін түзете және жақсарта алу мүмкіндігіне ие болды. Менің ойымша бұл олардың wiki-ді 
дұрыс пайдалануын дамытуға көмектесті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет