444
жинақтарға
енгізілген
мақалалары,
Терминком
бюллетеньдерінде
жарияланған материалдары мүмкіндігінше
жиналып алынды, газет
беттерінде жарық көрген мақалаларының да біршамасы табылды.
Қ.Жұбановтың өзінің айтуы бойынша және кітапша мұқабаларындағы баспа
жарнамаларында көрсетілуіне қарап, ғалымның төмендегідей еңбектері
болғанын, тек олардың басылуға дайын тұрған жерінен (баспалар мен
редакцияларда) жоғалып кеткенін өмірі мен шығармашылығын зерттеушілер
өкінішпен айтады.
Академик
Р.Сыздықтың
материалдары
бойынша,
профессор
Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деген жалпы атпен он сериялы
еңбек дайындаған. Соның екі сериясы ғана баспадан шығып үлгерген, қалған
8 сериясы баспаға тапсырылғанымен, «халық жауының» еңбегі ретінде
жойылып жіберілген. Бұл жайында К.Кенжебаев пен Ә.Оралбай: «Ол
(Құдайберген Жұбанов) академиялық ғылымның сөздің шын мағынасындағы
ұйымдастырушысы ретінде көрінді. Бұл ретте ғалымның тек алғашқы екі
бөлігі жарыққа шығып үлгерген («Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі
тарихынан», «Көмекші, күрделі етістіктер жөніндегі ескертпелер») он
тақырыпты қамтитын «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» сериясы – өзі
басқарған академиялық Тіл-әдебиет секторының сүбелі өнімі екендігін
айтқан жөн. Егер осыған Ісмет Кеңесбаевтың редакторлығымен шығуға
тиісті «Научная грамматика казахского языка. Том І. Фонетика» атты көлемі
30 баспа табақ деп жоспарланған кітаптың
қолжазбасын қосатын болсақ,
ғалым мұрасы қомақтана түсері еді. Амал не, қолжазба баспаның
портфелінен ұрланған», – деген дерек келтіре отырып, «Қазақ тілі жөніндегі
зерттеулер» атты он тақырыпты қамтитын сериялы еңбектің екінші бөлігі
ғана баспа бетін көрді де 1937 жылы баспадан шығуға тиісті сегіз
тақырыптың бізге тек аттары ғана келіп жетті, ал қолжазбаның қағаз бетіне
түскен текстері редактордың қолында кетті ме, жоқ басқаша күйге ұшырады
ма, – әйтеуір ғайып болды. Мұның өзі қазақ тіл білімі үшін орны толмас
өкініш екендігі даусыз», – деп налиды авторлар.
Ғалымдар зерттеулерінен бізге Қ.Жұбановтың қаламынан туып, әртүрлі
жағдайларда, әртүрлі жерлерде жоғалып кеткен еңбектерінің аттары ғана
белгілі:
1. Смысл бессмысленных слов [Доклад].
2. Скотоводческие междометия казахов [Доклад].
3. Ғылыми грамматиканың материалдары, 1 т. Фонетика. 30 б.т.
4. Ғылыми грамматиканың материалдары, 2 т. Морфология.
5. Қазақ тілінің грамматикасы. II бөлім, 6-классқа арналған, 140 б.
6. О
частях речи в казахском языке [Исследования по казахскому
языку. Вып. 3].
7. Двойные слова синонимического типа [Исследования по казахскому
языку. Вып. 4].
8. Возникновение фонематического различия глухих и звонких
[Исследования по казахскому языку. Вып. 5].
445
9. «Подражательные» слова как особые
формы словообразования
[Исследования по казахскому языку. вып. 6].
10. Скотоводческие междометия казахов [Исследования по казахскому
языку. Вып. 7].
11. К природе и генезису залоговых форм в казахском языке
[Исследования по казахскому языку. Вып. 8].
12.Структура местоимений в казахском языке [Исследования по
казахскому языку. Вып. 9].
13. Элементы кинетической сигнализации в женской речи казахов
[Исследования по казахскому языку. Вып. 10].
14. Вопросы казахского языкознания. Сборник. Под ред. проф.
Х.Жубанова. Книга 1 (3).
15. Еще раз о глаголе «де» // Вопросы казахского языкознания.
Сборник.
16. Причины выпадения беглых гласных в казахском языке // Вопросы
казахского языкознания: Сборник.
17. Қазақ тілінің академиялық сөздігі. 1-бөлім [А-Азу]. Академический
словарь казахского языка. Вып. 1 / Под. ред. акад. А.Самойловича и проф.
Х.Жубанова. Объяснения слов на каз. и рус. языках. (Еңбектердің атаулары
қай тілде жазылғанына байланысты сол қалпында берілді).
Енді осы еңбектердің кейбірінің белгілі тарихына тоқталайық.
«Мағынасыз сөздердің мағыналары» атты тұңғыш мақаласы (о баста
баяндама мәтіні) екі рет жоғалған. Алғашқы рет 1930 жылы басуға
жіберілген жерінен «Қазақстанды зерттеу қоғамының» қағаздарының
арасына түсіп кетіп жоғалады. Кейін автор оны «Қазақтардың малға
айтатын одағайлары» деген атпен қайта жазып,
екінші рет баспаға
ұсынғанда, 1937-1938 жылдары тағы жоғалып кетеді...
Тағы бір назар аударуға лайық мәселе – «Академиялық сөздікке»
қатысты. КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының Тіл-әдебиет секторын
басқара жүріп, Қ.Жұбанов академик А.Н.Самойловичпен бірлесіп, қазақ
тілінің бес томдық «Академиялық сөздігін» шығару ісін қолға алғаны
анықталып отыр. Сөздікті құрастырушылар әр сөздің анықтамасын орысша-
қазақша екі тілде бермекші болған. 1936-1937 жылдары бұл сөздіктің I бөлімі
«А – азу» деген сөзге дейін жасалып, баспаға дайындалған. Өкінішке қарай,
айтулы екі түркологтың екеуі де қуғын-сүргіннің құрбаны болып кетті де сол
кезде әзірленіп біткен бірінші томның қолжазбасы мен қалған томдардың
материалдары, яғни картотекасы із-түссіз жоғалады, дәлірек айтқанда,
«ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетеді. Әйтсе де 1-томның
машинкаға басылған түптемесі әр жерден «қылаң беріп» қалады. Демек, біз
ғалым мұрасына әлде де жабыла іздеу сала беруіміз керек (4).
Құдайберген Қуанұлының 1925 жылы «Сегіз бен Мақпал» пьеса
жазып, Ақтөбе қаласындағы
кеңес-партия мектебінің, педтехникумнің
оқушыларының күшімен, өзінің режиссерлығымен сахнаға қойғандығын
жоғарыда айтқанбыз. Сондай-ақ 1932 жылы Шалқар мен Таразы қыздың
446
айтысын жазып алған. Алайда олардың мәтіндерінің де тағдыры белгісіз.
Бұлардан өзге тезистері, әртүрлі жазбалары, хаттары болмауы мүмкін емес.
Оларды іздеп тауып, жұршылыққа ұсыну кейінгі зерттеуші буынның
алдындағы азаматтық міндет, ғалымдық борыш деп білеміз!
Жүсіп Баласағұни: «Білік деген – бір қазық, бәрі соған оралар», – десе,
тіл білімінің алтын қазығының бірі – Құдайберген Қуанұлы іспетті! Оған әлі
неше ғасырдың ұрпақтары оралатынын бір Алланың өзі ғана біледі!
Достарыңызбен бөлісу: