Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет195/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Ғалымның туған жерінде 
 
Жолсыз жазаның тақсіретін тартып, азапты сәтті бастан кешкен кезінде 
де ертеңіне елегзи қарап, үлкен үміт еткен аяулы жандардың бірі 
Құдайберген Жұбановтың облыс орталығында басталған тоқсан жылдық 
торқалы тойы оның туған жері Орқаш өңірінде жалғасты. 
Бұл күні Мұғаджар маңы бір сеуіп өткен жаңбырдан кейін ерекше 
түрге еніп, көктемгі көктің иісі жұпар шашып тұрған-ды. Ақтөбеден осында 
бет алған қонақтар мінген автомашина легі ауылға жақындағанда-ақ 
алдарынан мойындарына алқызыл галстук байлаған пионерлер тобы жүгіріп 
шықты. Олардың құшағын толтырған қызыл-сары дала гүлі лезде 
қонақтардың қолына ауысты. Орқаштықтар Жұбановтар әулеті мен олардың 
серіктерін осылай қарсы алды. Осы сәттегі риясыз көңіл-күй, жан 
тебірентерлік шуақты көрініс бұдан былай да қадам басқан сайын кездесумен 
болды. 
«Орқаш» совхозының Мәдениет үйі дәл бүгінгідей болып адамдарға 
лық толып көрмеген шығар, сірә! Еңкейген кәріден еңбектеген жас балаға 
дейін осында. Ақ жаулықты әжелер кимешегінің құлақ тұсын молырақ ашып, 
кіреуке тартқан жанарларымен сахна төріне ілінген Құдайберген атамыздың 
суретіне сүзіле қарайды. Жастар жағы есіміне ғана қанық жерлес ғалымның 
тойында ол туралы жаңа лебіз, тың дерек естуге құмар. 


441 
Көрнекті ғалымның тоқсан жылдығына арналған кешті аудандық 
партия комитетінің бірінші секретары Б.Әйтпембетов ашып, қонақтарға сәт 
сапар тілегеннен кейін-ақ, зал іші сілтідей тынды. Мінбеге көтерілген әр 
шешеннің лебізі орқаштықтар үшін сонау қилы заманда қыршын кеткен 
жерлестерінің жан сәлеміндей қабылданып жатты. 
Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының директоры 
академик Ә.Қайдаров әңгімені туған тілдің қадір-қасиеті мен құдіреті туралы 
ой-толғамынан бастады. Осының өзі қысқа да болса мағыналы ғұмырын тіл 
ғылымының негізін салуға арнаған Құдайберген Жұбановтың кейінгі ұрпаққа 
қалдырған аманатындай естілді. «Ғалымның туған топырағында басталған 
той Қазақстанның басқа да облыстарында жалғасады, – деді Ә.Қайдаров. –
Өйткені, Құдайберген күллі қазақ халқының ұлына айналды. Оның есімі ел 
есінде мәңгі-бақи сақталады». 
Бұл күні естеліктер аз айтылған жоқ. Оның ішінде жалпы 
жұртшылыққа бұрыннан таныс та, беймәлім де деректер аз емес еді. 
Ғалымның өкшелес інілерінің бірі ретінде, оны көзі көріп, әңгімелеріне құлақ 
түрген Жұрын станциясының қарт тұрғыны Төреахмет Әбдіров тебірене 
сөйледі. Қ.Жұбановты өзіне ұстаз санайтын Сағын Амандықов: «Мен ол 
кісінің тәрбиесінде болдым. Құдайберген біз үшін мақтаныш тұтарлық кісі 
еді. Ол аз өмірінде ғылымға үлкен үлес қосты. Қазіргі кезде ана тілінің 
тағдырына жауапсыздықпен қарайтындарды көргенде көңілге қаяу түседі, 
ғалымның осыған байланысты ой-пікірлерін еске аламын», – деді. 
Химия ғылымдарының докторы, академик Болат Ахметұлы Жұбанов 
есімін ақтөбеліктер бұрыннан да жақсы біледі. Ол жиналғандар алдында 
ғалымның өзі көріп-білген қасиеттеріне баса тоқталды. Әсіресе, оның інісі 
Ахметке көп қамқорлық жасағанын, тыным таппайтын еңбекқорлығын 
мақтан тұта баяндады. 
Осындай жанында кейде ой қозғайтын орынды проблемалардың да 
ортаға ұсынылатыны бар. Орқаштағы орта мектептің оқытушысы Қангерей 
Сарқұлов Алматыдан келген ғалымдарға Қ.Жұбановтың жарық көрген 
кітаптарының өзінің туған ауылында мүлдем табылмайтынын, алдағы кезде 
осы жағына қамқорлық жасауын өтінді. Сол сияқты Ахмет Жұбановтық да әр 
жылдарда шыққан кітаптарын табу қиындығы айтылды. Шынында да, қазақ 
халқына қос арыс берген ауыл тұрғындарының бұл базынасы ескерерлік еді. 
Тағы бір проблеманы Ырғыз тарихи-өлкетану музейінің директоры 
Б.Мырзабаев қозғады. Ол ескерткіштер мен естеліктердің жиналар орталығы 
ретінде облыс өңірінде Қ.Жұбановқа арнап музей ашу қажеттігіне тоқталды. 
Бұл пікірді жиналғандар ырзалықпен қолдағанын атап айтуымыз керек. 
Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Тіл білімі 
институтының тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі Р.Сыздықованың «Уақыт 
ақтаған азамат» атты мақаласы таяуда ғана облыстық газетте жарияланғаны 
көпшілік есінде. Сонда «Қ.Жұбановтың «сегіз қырының біреуі – оның 
суретшілік пен ою-өрнек өнеріне икемділігі. Сурет салу жөнінде ол тіпті 
маман суретшілерден консультация алып жүргенін інісі Ахмет те жазады» 


442 
делінген. Әке бойындағы осы қабілетті өз бойына дарытқан Құдайбергеннің 
ұлы Ақырап – СССР Суретшілер одағының мүшесі, Алматы көркемсурет 
училищесінің директоры. Жұртшылық алдында сөз сөйлеген А.Жұбанов 
әкесінің білгірлігі мен зеректігіне байланысты естігендері мен көңілге түйген 
ойларын айтып берді. 
Жиын соңында Құдайбергеннің кенже ұлы Асқар Жұбановтың Қазақ 
ССР Ғылым академиясы атынан әкесінің портретін «Орқаш» совхозы 
еңбеккерлеріне сыйға тартуы жан тебірентерлік көрініс болды. 
Ғалымды еске алу құрметіне арналған рәсімі мұнымен де аяқталған 
жоқ. Құдайберген атамыз қадірлеп өткен қазақ өнері бүкіл ауыл 
жұртшылығын баурап алды. 
Шалқарлық термеші Асқар Әминов өзінің жұрт ұйытар қоңыр да 
мұңды дауысымен қапыда қиянатқа ұшыраған азаматтың қапастан шырқаған 
әнін орындағанда көзіне жас алып көңілі босамаған жан қалмады. 
Ортаға айтыскер ақындар шықты. Олар –қызылордалық Бекұзақ 
Тәңірбергенов, Бибігүл Жаппасбаева, Оңталап Нұрмұханов және ақтөбелік 
Өтепберген Әбдіразақов, Мұханбет Еңсепов, Жолдыбай Айтқұлов. 
Әңгіме бастауын Құдайберген атамыздың жазықсыз жапа шегіп, енді 
кеш те болса есімінің ел ортасына оралғандығынан өрбіткен ақындар бүгінгі 
күннің тақырыбын жырларына арқау етті. Олар қайта құру әкелген жаңалық 
пен жариялылықты дәріптеді, көлеңкедей сүйретіліп қалмай келе жатқан 
кемшіліктерді өткір тілмен түйреді. Айтыс арасында халық алдына шығып 
тұрған термешілер де көрермендер ықыласына бөленді. Шалқарлық мектеп 
оқушысы Рысжан Отарбаева, ырғыздық Қоянбай Тобағабылов, мұғаджарлық 
Аманғали Әбдіраманов, ойылдық Аманкелді Жәкешов ауылдың кәрі-
жасының құлақ құрышын қандырды. 
Уақыт түн ортасынан ауғанына қарамастан, Орқаш өңірін тербеген ән-
жыр әуені бір сәтке де толастамады. Сол сәттің бәрінде де ине шаншарлық 
орын болған жоқ. Мәдениет үйінің залы ішіндегі көрермен қауым 
тапжылмастан отырып, қол шапалақтаумен болды. Ғалым атамыз кезінде 
арман етіп, бірақ өзі көре алмай кеткен жақсы күннің жарқын да сәулетті 
шағын оның ұрпақтары бүгінгі салтанатты сәтте айқын сезінгендей болды. 
Салтанатты жиын соңында «Орқаш» совхозының директоры 
А.Ермағамбетова «Жұбановтар көктемі» аясында ұйымдастырылған 
айтыстың жүлдегерлері атанған Б.Тәңірбергенов пен Б.Жаппасбаеваға 
бағалы сыйлықтар тапсырды. 
Адам баласының тірлікте алғы күнге үміт етумен ғұмыр кешетіні рас 
қой. Сонау отыз жетінші жылғы жаппай жазалаудың жазықсыз құрбаны 
болып өмірден баз кешер сәтте де: 
«Тәңірім өміріме саулық берсе, Жақсылық күн барына етпеймін шек», 
– деп көкіректегі ой-арманын қағазға түсірген Құдайберген Жұбановтың 
жылдармен өлшенбейтін мәңгілік ғұмыры сан мыңдаған кейінгі ұрпақ 
көкейінде жалғасады. Соның бір дәлелін Орқаш өңіріндегі рәсім де 
көрсеткендей еді... 


443 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет