Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет69/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

теория, практика, тенденция, медицина, хирургия, климат, абсолютный, 
конкретный т.с.с. халықаралық сипаты бар терминдерді сол түпнұсқадағы 
қалпынша қазақ тіліне аудармай алу.
Екінші шарт бойынша, әдеби тілдер тәжірибесінде аударылып алынып 
жүрген производство, труд, деньги, корень, стебель, мышцы, деление, 
умножение тәрізді халықаралық терминдерді аудару керек. Ал сословие, 
состав, клетка, слет сияқты қазақ тілінде баламасы жоқ немесе терминнің 
қазақша нұсқасы бастапқы мағынадан ауытқитын болса, онда оны аудармай 
алған жөн делінеді. 
Үшіншіден, әртүрлі ғылым салаларына ортақ терминдер болуы мүмкін. 
Мысалы, материя термині философия мен физикада, түбір термині 
математика, ботаника және лингвистикада, реакция термині химия, биология 
және саяси ұғым есебінде, экскурсия сөзі оқу-ағарту ісі мен физиология 
ғылымында кездеседі. Бұларды сол бірыңғай түрде қалыптастыру керек. 
Төртіншіден, әрқилы жағдайда әр алуан мағынаны білдіретін 
мануфактура (тарихи-экономикалық және товартану мағынасында), продукт 
(өндіріс өнімі және азық-түлік мағынасында) сияқтылар бір пәнде термин 
ретінде алынсын да, екіншіде жай сөз ретінде аударылсын. 
Бесіншіден, халықаралық терминдер орысшада қалай алынса, 
қазақшада да солай алынады. Егер ол сөздерді таңбалайтын кейбір әріптер 
жетіспесе, қазақ әліпбиінің бар мүмкіндігі пайдаланылатын болсын. 
Алтыншы тармақ бойынша, аударуға келетін терминдерді аударғанда 
оның ғылыми мәні дәл берілуін қадағалау қажет. Аудару кезінде қазақ тілінің 
грамматикалық ерекшеліктері қатаң сақталуы тиіс. Береміс – «передача», 
көпбұрышты – «многоугольник», тәжірибе – «практика» тәрізді 
терминдерді түсініксіз ететін жасанды сөзжасамға үйір болмаған жөн. 
Жетінші тармақта былай деп көрсетіледі: есім және есімденген етістік 
түріндегі халықаралық (интернационал) терминдер сол түрінде алынсын. Ал 
-изация, 
-ификация, 
-ация 
жұрнақтарымен 
келетін 
машинизация, 
электрофикация, объективация сөздеріне қазақ жұрнақтары жалғанып 
алынсын (машиналандыру, электрлендіру, объективтендіру). 
Ал -ский, -ный жалғаулары арқылы жасалған анықтауыш сын есімдер 
қазақшасында қысқартылып популяр кітап (популярная книга), абсолют 
шама (абсолютная величина), буржуаз идеология (буржуазная идеология), 
экстенсив шаруашылық (экстенсивное хозяйство), дифференциал теңгерме 
(дифференциальное уровнение) түрінде алынуға тиіс. Сондай-ақ түбір сөздің 
к дыбысы ч-ға айналып -ский жұрнағымен келетін сын есімдер жалғауы 
қазақшасында қысқартылып, электр шам (электрическая лампа), физика 
география (физическая география) т.б. түрінде берілсін. 
«Изолировать», «машинизировать» тәрізді есімнен болған етістік 
формалар қазақ тілінің жұрнақтары арқылы изоляциялау, машиналандыру деп 
аталсын. 


154 
Сегізінші тармақта халықаралық терминология тәжірибесінде 
қолданылып жүрген кейбір -ист, -изм тәрізді суффикстер мен ре-, син-, де-, 
анти-, контр- тәрізді сөзалды префикстерінің қазақ тілінде баламасы жоқ 
болғандықтан, термин сөздермен бірге бұлар да қабылдансын, басқа 
қосымшалардың бәрін де қазақша түрінде алу керек. 
Тоғызыншы тармақта кысқарған сөздер жайы әңгіме болады: авто, 
аэро, авиа т.б. қазақ сөздерімен біріктіріп, автожол, автоқатынас, 
авиашана т.б. деп алынсын делінген. Осы күнге дейін қазақша аудармасы 
беріліп келген диктатура, революция, совет, теория, практика, 
контрреволюция, милитаризм тәрізді т.б. терминдер бұдан былай қарай 
аударылмай, бәрі сол халықаралық қолданыстары қалпынша алынуы тиіс. 
Оныншы тармақта өте маңызды мәселеге мән беріледі. Атап айтқанда, 
Қазан төңкерісінен бері, әсіресе орыс тілінің сөз жасау тәжірибесінде 
қолданылып келе жатқан біріккен күрделі сөздер мәселесі әңгіме болады. 
Саяси экономия (политэкономия), ауатком (райисполком) т.б. тәрізді жаңа 
тіркесім терминдер қазақ тілі заңдылығына орай жасалып, Мемтерминком 
бекіткен соң қолданысқа ендірілсін. 
Міне, ең алғаш түзіліп, басшылыққа ұсынылған терминжасам 
қағидаттарының өзіндік сипаты осындай жетістіктермен қатар, кейбір 
кемшіліктерінің болғанын да жасырудың қажеті бола қоймас. Мәселен, 
кейбір халықаралық терминдер мен «советизмдерді» сөз еткенде қайсыбір 
жүйесіздіктер көзге түседі. Оның бер жағында, терминжасам үдерісіндегі 
қазақ тілінің өз мүмкіндігі жан-жақты ашылып айтылмайды. Сондай-ақ 
аударылсын деген сөздердің біразын аударудың керегі жоқтығы, ал 
түпнұсқадағы күйінде берілсін дейтін сөздердің қайсыбірінің тамаша 
баламасы бар екені аңғарылады. Қысқасы, күні кешеге дейін бұл істе орыс 
тілінде қалай болса, солай алу керек деген пиғыл үстем болып келді. Соған 
қарамастан, осындағы көрсетілген қағидат алдағы терминжасам үдерісіне 
қызмет еткен құжат еді. 
Профессор Қ.Жұбанов бұл қағидаттарды ұсына отырып, аударма 
терминдерінің алғашқы кезде құлаққа ерсі естілетінін, бірақ бұл 
терминдердің «самаурын», «бөкебай» сөздері сияқты сіңіп кететінін 
ескертеді. «Мыс.: аэросаниға ұқсатып, ультракүлгін, микротаразы сияқты 
бірқатар терминдерді интернационал сөзбен қазақтың төл сөзіне ұқсатып 
әдейі алып отырмыз. Осы сықылды техникалық сөздер сол күйінде елдің 
кұлағына сіңіп, пайдаға асып кетсе, аэроға ұқсаған халықаралық сөздерді 
сонда ғана өзіміздікі қылып, меншіктеп алатын боламыз. Бүгінде аэросани


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет