167
(
фонетика,
грамматика, морфология, синтаксис, семантика); 2)
интернационалдық сөз бен төл сөздің тіркесіп келуі арқылы жасалған
терминдер (
жалпы морфология, субстанивтенген сөз, адъективтенген зат
есім); 3) қазақ тілінде жасалған терминдер (
жетек сөз, тұйықша, сүйеншек,
қосар, қиюлы сөз, жалғауыш т.б.) (78, 190-198).
Профессор Т.Жанұзақ 1954 жылы Ленинград қаласында ғылыми
іссапармен болған кезінде СССР Ғылым академиясының корреспондент
мүшесі, әйгілі түркітанушы, профессор, Қазақ КСР-ның ғылымына еңбек
сіңірген
қайраткері, кезінде проф. Қ.Жұбановтың ұстазы болған
С.Е.Маловтан ғалымның (Қ.Жұбановтың) орта мектептің 5-класына арналған
«Қазақ тілінің грамматикасы» (1-бөлім, 1936) атты оқулығын бір күнге ала
тұрып, ондағы бірқатар лингвистикалық терминдерді жазып алғандығын,
алайда оны толық көшіріп алуға үлгермегендігін айтады.
Қ.Жұбанов еңбектерінде кеңінен қолданылған, автордың өз ақыл-ой,
парасат-болмысы мен ғылыми зерттеу ізденістерінің нәтижесінде жасалған
жаңа терминдердің кейбіреулері қазіргі тіл білімі саласында күні бүгінде
қолданылып, лингвистикалық сөздіктерде, оқулықтар мен оқу құралдарында,
әдістемелік бағдарламаларда кеңінен қолданыс тауып жүргені хақ. Мысалы,
проф. Т.Жанұзақов 1936, 1948 және академик І.Кеңесбаев пен Т.Жанұзақов
1956, 1966 жарыққа шығарған «Орысша-қазақша лингвистикалық сөздікте»,
профессор Э.Д.Сүлейменованың жалпы редакциялық басқаруымен 1998
жылы жарық көрген «Тіл білімі сөздігінде» де профессор Қ.Жұбанов
еңбектерінде
қолданған
және
өз
тұсынан
жасап,
қалыптасқан
лингвистикалық терминдердің кездесетіндігін айтады.
Дегенмен, проф. Қ.Жұбанов ұстанған лингвистикалық терминдердің
бәрі бірдей қолданысқа еніп кете қоймады және ол терминдердің бәрі бірдей
сәтті де бола қойған жоқ. Алайда, ғалымның лингвистикалық
терминологиясы қазақ тіл білімі тарихындағы маңызын жоймақ емес. Әсіресе
Қ.Жұбанов ұсынған (қолданған) кейбір терминдерді Мемлекеттік
терминология комиссиясында қарап,
ретіне қарай бекітіп, кеңінен
қолданысқа енгізіп, қызмет аясын ұлғайтудың мәні зор екеніне дау жоқ.
Терминдерді реттеуге қатысты бір пікірінде профессор Қ.Жұбанов
ғылыми тәртіптің қажеттігіне баса назар аудартқан болатын. Ұстаз-ғалым
бұл ретте терминдердің сөздік байлыққа, тілдің грамматикасы мен емлесіне,
тіл мәдениетіне, жалпы бұқараның сауаттылығына, оқу-ағарту ісіне
қаншалықты ықпалы бар екендігін ескере отырып, көңіл бөлген еді. Егер
профессор Қ.Жұбанов айтқан «ғылыми тәртіпті» назарда ұстар болсақ, онда
қазіргі қазақ әдеби тілінің лексикасына қосылып, айналымға түсе бастаған
жаңа сөздер, тың қолданыстарға, терминдерге зерттеу-анализ жүргізу,
олардың табиғаты мен ішкі айырым-сапаларын
талдау қажеттігі көкейкесті
проблемалардың бірі екендігі дау туғызбайды.
Осымен байланысты қазақ тіл білімінде неология деп аталатын жаңа
ғылым саласының орныға бастағанын атап өткен жөн. Неология ғылымы –
дамыған тілдер жүйесінде біршама уақыттан бері орныға бастаған,
168
қарастыратын мәселе-бағыттары айқындалған жеке-дара сала. Сөз жоқ,
ағылшын, неміс, француз және орыс тіл білімінде тіл ғылымыныңөзге де
тармақтарымен тең түсіп отырған неология ғылымы қазақ әдеби тілі
жағдайында өздігінен өз бетінше немесе қандайда бір жарлық негізінде емес,
тіл дамуының өз талабымен, өз заңдылығынан туып отыр.
Неология – тіл ғылымындағы терминология мен неологизм
ұғымдарына ортақ, осылардың түйісуінен туындайтын ғылым,
оның аясына,
ғалымдардың көрсетуінше, «жаңа сөздерді, тың мағыналарды танудың,
олардың пайда болуының негізгі ішкі және
сыртқы факторларын анықтау,
жасалу үлгілерін зерттеу, норма талаптары тұрғысынан ажырату, сұрыптау
қағидаттарын бекіту, лексикографиялық өңдеу (сөздіктер жасау және
нормативтік сөздіктерге енгізу межелерін белгілеу) тәрізді мәселелер» енеді.
Терминология қаттауы – арнаулы жұмсалатын аясы бар, ғылыми-өндірістік-
техникалық ұғымның атауын білдіретін, дефинициясы бар сөзді немесе сөз
тіркестерін зерттесе, неологизм тармағы тілдегі барша лексикалық
жаңалықтарды зерттейді, ал неология ғылымы осы салалардың
проблемаларын қамтиды. Яғни неология саласы:
-
ғылым мен техникаға, экономика мен шаруашылыққа, оқу-ағартуға
қатысты өзге тілдік терминдердің қазақша аударма үлгілерінің
ерекшеліктерін (мысалы,
психологая – жантану, анатомия – тәнтану,
зоология – жануартану, редактор – сарашы, клетка – жасуша және т.б.);
- қазақша терминдер мен қолданыстардың жасалу тәсілдерін;
- көршілес түркі халықтарының тілдерінен енген жаңа сөздердің
игерілуін (
ұшақ, кеден, ақпарат);
- тарихи терминдердің, көнерген және сирек қолданыстағы
сөздердің әдеби тілге қайта оралу үдерісін (
жарғы, жарлық, төраға, жәдігер
және т.б.);
- синонимдік қатарлардың, жарыспалы сөздердің дербес терминдік
дефинициялық ұғымдармен даралана бастауын (
сұрақ – вопрос, сауал –
запрос, тәсіл – способ, әдіс – метод (осыдан әдіскер, әдістеме))
;
- сөздік құрамдағы бір алуан сөздердің соны лексикалық-
грамматикалық қызметпен көріне бастауын (мәселен,
ақы, қағаз, жай, хат
тәріздес лексикалық бірліктердің жаңа сөз тудырушы қосалқы қызметті
иеленуін);
- қазақша күрделі номенклатуралық
атауларды қазақша қысқартып
қолданудың қазіргі түрлерін (мысалы,
ТМД);
- көркем әдебиет жанрларында кездесетін авторлық қолданыстардың
ерекшеліктері мен қызметін (
ертеңгеш, ақылман, тұспалдама);
- бейтарап лексиканың кейбір үлгілерінің белгілі бір стильдік
тармақтың тілдік-стильдік ерекшеліктеріне қажетті, стильдік «қолтаңбасы»
бар тұрақты сөзге, қалыпты тіркеске айналуы үдерісін (
қапер – қаперге
алынсын – принять к сведению; көздеу – заңмен көзделген –
предусмотренный законодательством);
169
- әдеби тілде пайда болып жатқан, бірнеше мәрте (немесе бір рет)
қолданысқа түскен соны атауларды тіркеуді, түзуді, ресімдеуді;
- жаңа қолданыстарды әдеби тіл нормасы тұрғысынан сұрыптауды;
- жаңа қолданыстардың жасалуына ықпал ететін ішкі және сыртқы
тілдік факторларды анықтауды қамтиды.
Міне осындай терминология жүйесі мен неологизм салаларының
түйіскен, тоғысқан тұсынан басталатын
неология ғылымы турасындағы
ғылыми-практикалық жұмыстар енді-енді қолға алына бастады. Қазіргі қазақ
әдеби тіліндегі жаңа қолданыстарды топтастыра, жіктерге бөле отырып
бағалау, норма межелері тұрғысынан талқыдан өткізу – келешектің
еншісінде.
Достарыңызбен бөлісу: