Ч а с т ь V i молодой ученый


Роботтехникасы бойынша ұсынылатын ЖАОК курстар ақпараты



Pdf көрінісі
бет78/90
Дата18.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#51157
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   90
Байланысты:
moluch 412 ch6 (1)

Роботтехникасы бойынша ұсынылатын ЖАОК курстар ақпараты
Анықтамалық дерек
Роботтехникасы
Білім берудегі
роботтехникасы
Роботтехникасын оқыту
әдістемесі
Жалпы
курс саны
272
84
60
Тегін
курстар
191
54
30
Сертификат
алуға болатын курстар саны
186
57
44
Тек
университеттік курстар
167
48
23


«Молодой учёный» . № 17 (412)  . Апрель 2022 г.
414
Молодой ученый Қазақстан
Дегенмен, бұл олқылықтың орнын «Өрлеу» біліктілікті арт-
тыру ұлттық орталығы« ұсынған »Білім беру робот техникасы 
және электрондық құрылғыларды жобалау«, »Робототехника, 
интернет заттары негіздері (IoT), 3D модельдеу және басып 
шығару» (https://orleu-edu.kz) тақырыбындағы біліктілікті арт-
тыру курстарын толтырады деп тұжырымдауға болады.
2-мәселе. Мектепте робототехниканы оқытуға бөлінген сағат саны.
«Мектептердегі робототехниканы оқытуды іске асыруда 
қандай проблемалар бар?» деген сауалнама сұрағына мұғалім-
дердің 21,2%-ы робототехниканы оқытуға бөлінген сағат саны 
жеткіліксіз деп жауап берген. Аталған мәселенің шешімін іздеу 
барысында орта мектептің білім мазмұнына талдау жүргізілді 
және төмендегі жағдаяттар анықталды. 2022 жылдың 1 қаңта-
рынан енгізілген 1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» 
оқу пәнінің базалық мазмұнында «Робототехника»: білім беру 
роботының негізгі моделін құру; роботқа арналған програм-
маны жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ 73 бұрылы-
старының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың 
берілген бұрышта қозғалысы (90, 180 градус) тақырыптары 
қамтылған.
3-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 
базалық мазмұнында «Робототехника»: орта мотордың жыл-
дамдығы мен айналымның санын күйге келтіру; робот қозға-
лысын ұйымдастыру үшін циклді қолдану тақырыптары 
қамтылған.
5–9 сыныптарда өтілетін «Көркем еңбек» пәні бойынша 
құрастырмалы бөлшектерден роботтарды әзірлеу, роботтардың 
пайда болу тарихы мен түрлері (өз бетінше зерттеу), робот 
жасау үшін эскизді әзірлеу, робот жасау үшін материалдарды 
дайындау, робот жасау, роботтың жылжымалы бөліктерін 
жасау бойынша эксперимент жұмыстары қамтылған.
10-сыныптың «Алғашқы әскери және технологиялық дай-
ындық» пәнінің базалық мазмұнында «Әскери роботты техни-
калардың негіздері» бөлімі қамтылған.
Балаларға қосымша білім беруде «… ракета модельдеу, ра-
диотехника және робототехника сияқты техникалық шығар-
машылық түрлері іске асырылады» [7].
Робототехника негіздерін заманауи білім беру жүйесіне ен-
гізу бірқатар қиындықтарға тап болуда. Айта кету керек, қазіргі 
заманғы информатика білім беру бағдарламаларында робото-
техника бөлімі фрагменттік түрде ұсынылған немесе мүлдем 
жоқ. Бұл стандартты информатика курсы аясында осы бөлімді 
оқытуды өте қиын етеді. Соған қарамастан, робототехника да-
муын жалғастыруда және іс жүзінде мектептер мен балалар 
шығармашылығы сарайлары негізінде үйірмелер мен клубтар 
форматында жүзеге асырылуда [8]. Бұл мектеп мұғалімдерінің 
бірнеше пәндер бойынша бірлескен жүйелі жұмыстарды іске 
асыруға назар аударулары қажет екендігін көрсетті.
Зерттеу мәселесі бойынша мектеп мұғалімдеріне «Роботтех-
никасын мектепте оқытудың қазіргі жағдайы» атты сауалнама 
жүргізілді. Сауалнамаға Түркістан облысы аудан/қала мектеп-
терінен 33 информатика мұғалімі қатысты. Сауалнаманың мақ-
саты мектепте роботтехникасына оқытуың негізгі мәселелерін 
анықтау болды. Сауалнама нәтижесі 3-кестеде ұсынылды.
Сауалнама нәтижесінде келесі өзекті мәселелер анықталды:
– мектептерді роботтехникасы зертханаларымен жаб-
дықтау;
– робототехника бойынша оқушыларға арналған оқыту 
курсын (пән, үйірме, факультативтік сабақ) ұйымдастыруды 
жандандыру;
– роботтехникасы бойынша қазақ тілінде ашық жаппай 
ашық онлайн курстарды құру мен ұсынуды кеңейту.
Кесте 2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет