Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет108/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

«Трансакциондық шығындар» (келісімдер жасасу және келіссөздер жүр гізу 
бойынша пайдалы ақпараттар іздеу шығындары) теориясының негізін салған 
американдық экономист Рональд Коуз болып табылады.


132
фирма қызметінің мәселелерін шешуді қарастырады. Басты 
айырмашылығы, бірінші жағдайда, фирманың өндірістік жағына 
көңіл бөлініп, нарықтың өзін-өзі реттейтін механизм ретінде 
қарастырылуы – бұл фирманың өндірістік теориясы, ал екінші 
жағдайда, фирма ның өмір сүруі нарықтың жетілмегендігімен 
байланыстырылады және фирма қызметінің ұйымдастырушылық 
жағына көңіл бөлінуі қарастырылады – бұл фирманың келісімдік 
теориясы.
Сонымен, фирма ресурстар иелерінің арасындағы қатынастар 
жиынтығы ретіндегі күрделі иерархиялық ұйым болып табылады.
Фирма – бұл пайданы максималдау мақсатында өндіріс шығын-
дарын төмендету қағидасы тұрғысынан өз қызметін жүзеге асыратын 
өндірістік бірлік.
7.2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің 
басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. «КӘСІПКЕРЛІК» терминін 
алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. 
Кәсіпкерлік ұғымына ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу 
мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды. 
Кәсіпкерлік дегеніміз – бұл азаматтар мен бірлестіктердің мүліктік 
жауапкершілік пен тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары 
табыс алуға бағытталған шығармашылық, дербес іс-әрекеттері.
Кәсіпкерліктің негізгі белгілері: 
• шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі;
• экономикалық мүдделілігі;
• шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі;
• белсенді ізденуі;
• жаңашылдығы. 
Кәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды 
тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, 
шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез келген 
түрлері, коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру іс-
әрекеттері, құнды қағаздармен операциялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет