Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


ШОК субъектілерін қаржылық қолдау шаралары



Pdf көрінісі
бет116/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

ШОК субъектілерін қаржылық қолдау шаралары. Кәсіпкерлікті 
дамыту комитеті «Даму» Қорымен бірге «Бизнестің жол картасы – 
2020» Мемлекеттік Бағдарламасын (әрі қарай – Бағдарлама) жүзеге 
асырып жатыр. Бағдарламаның мақсаты болып шикізаттық емес 
секторларда аймақтық кәсіпкерлікті тұрақты және теңгерімді дамыту, 
сонымен қатар іс жүзіндегі жұмыс орындарын сақтау және тұрақты 
жаңа жұмыс орындарын ашу табылады.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында жалпы сомасы 350 456,9 
млн. теңгеге 1 112 жоба субсидияландырылды. Жобалардың басым 
бөлігі мына салаларда орын алды, яғни агроөнеркәсіптік кешен – 265 
жоба, көлік пен қоймалау – 223 жоба, жеңіл өнеркәсіп пен жиһаз 
өндірісі – 160 жоба.
2012 жылдан бастап Бағдарламаға төмендегідей қаржы құралдары 
енгізілді:
1. Несиелендіруді кепілдендірудің жаңа жүйесі, бұл кәсіпкерлердің 
несие ресурстарына деген қол жетімділігін жақсарту мақсатында 
әзірленді.
2. Жаңашылдығымен ерекшеленген жаңа бизнес-идеяларды жүзеге 
асырушы өз ісін енді бастаушы кәсіпкерлерді қолдау.
«Жұмыспен қамту – 2020» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 
шағын несиелерді беру және оқыту бағдарламаларын жүргізу арқылы 
ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету шаралары 
да жүзеге асырылады. Бұл Бағдарламаға қатысушыларға 2011 жылы 
микрокредиттік ұйымдар арқылы 3 569 млн. теңге көлемінде шағын 
несие берілді. Жалпы алғанда, Бағдарламаның 1 435 қатысушысы 
несие ресурстарымен қамтамасыз етілді. Шағын несиенің орташа 
көлемі 1 862 мың теңгені құрады.
ШОК субъектілерін қаржылық емес қолдау шаралары. Қазіргі 
уақытта, «Бизнестің жол картасы – 2020» Мемлекеттік Бағдарламасы 
«Кәсіпкерліктің әлеуетін күшейту» деген бағытын жүзеге асырып 
жатыр. Бұл бағыт шеңберінде ШОК-ті мемлекеттік қолдау өз ісін жаңа 
бастаушы кәсіпкерлерді қолдаудан (старт-ап жобалар), іс жүзіндегі 
бизнесті сервистік қолдаудан, ШОК-ті топ-менеджментке үйретуден, 
«Іскерлік байланыстар» жобасын жүзеге асырудан тұрады.


142


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет