Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Негізгі капитал корының көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет113/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

Негізгі капитал корының көрсеткіштері:
1. Қор қайтарымдылығы. Негізгі капитал қорының мың теңге 
құнына қанша өнім келетіндігін сипаттайды және ол бір жыл ішінде 
өндірілген дайын тауар құнының негізгі капитал қорының орташа 
жылдық құнына қатынасы ретінде анықталады:


138
Қ
Қ
 = Т
Ө 
/ Қ
О 
.
Мұнда, Т
Ө
– теңгемен есептегенде бір жыл ішінде өндірілген таза 
өнімнің тауарлы немесе атаулы құны; Қ
О
– теңгемен есептегенде 
негізгі капитал қорының орташа жылдық құны.
Мысалы: Кәсіпорын жыл бойы шығарылған өнімнің жалпы көлем-
ін (Т
Ө
) 198 мың теңгеге өндірді. Осы мезгілде негізгі қордың орташа 
жылдық құны (Қ
О
) 180 мың теңгені құрады. Қор қайтарымдылығы 
көрсеткіші қаншаға тең?
Шешімі: 198 мың / 180 мың = 1,10 теңге.
2. Қор сиымдылығы. Қор қайтарымдылығы шамасына кері 
көрсеткіш болып табылады және ол негізгі капитал қорының бір өнім 
өлшеміне шаққандағы құнымен анықталады (теңгемен есептегенде):
Қ
С
 = Қ
О
 / Т
Ө 
.
Мысалы: Кәсіпорын жыл бойы шығарылған өнімнің жалпы 
көлемін (Т
Ө
) 198 мың теңгеге өндірді. Осы мезгілде негізгі қордың 
орташа жылдық құны (Қ
О
) 180 мың теңгені құрады. Қор сиымдылығы 
қаншаға тең?
Шешімі: 180 мың / 198 мың = 0,91 теңге.
3. Қормен қарулану (Ққ) – бұл көрсеткіш ақшалай немесе 
ақшалай емес бірлік деңгейіндегі негізгі өндіріс қорларымен 
жабдықталу дәрежесі. Оны негізгі өндірістік қор құнының көлемін, 
орташа жылдық өнеркәсіп өндірісінде істейтін жұмысшылар санына 
қатынасы арқылы анықтайды.
Ққ = Қ
О
 / Жс .
Мысалы: Кәсіпорында негізгі капитал қорының орташа жылдық 
құны 180 мың теңгені құрайды, ал орта тізімдегі өнеркәсіптік өндіріс 
жұмысшыларының саны 600 адам болды. Қормен қарулану көрсеткіші 
қаншаға тең?
Шешімі: 180 мың / 600 = 300 мың теңге. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет