171
қатынастар жиынтығы.
Еңбек нарығында еңбектің өзі емес,
белгілі бір еңбек түрінің қызметтері сауда-саттыққа түседі.
Осыны есте сақтаған жөн. Бұл жерде, қалыпты экономикалық
жағдайларда ұсынылатын еңбек қызметтерінің саны мен сапасы еңбек
иесі – жалдамалы жұмыскердің кәсіби дайындық деңгейіне, оның
біліктілігіне, тәжірибесіне, жұмысты әділетті атқара алу мүмкіндігіне,
қабілеттілігіне және басқа да факторларға байланысты болып келеді.
Еңбек нарығын талдау еңбеккке сұраныс пен еңбек ұсынысын
қарастырумен байланысты. Еңбек нарығындағы сұраныстың
субъектілері болып бизнес өкілдері және мемлекет, ал еңбек
ұсынысының субъектілері болып үй шаруашылықтары табылады.
Достарыңызбен бөлісу: