170
Мәселен, еңбектің иесі өзіне жалақы алады, капиталды сатушы өзіне
пайызды алады, ал жердің иесі рентаға ие болады.
Өндіріс факторлары нарықтарының кәдімгі тауарлар мен қызмет-
тер нарығынан басты айыршылығы – фирмалар мен тұтынушылар
рөлдерінің ауысуында болып табылады: фирмалар ресурстар
нарығында сатып алушылар, ал тұтынушылар сатушылар ретінде
жұмыс істейді. Басқаша айтқанда, фирмалар ресурстарға сұраныс
білдіреді және тұтынушылар ресурстардың ұсынысын жасайды.
Өндіріс факторларының нарықтары – бұл сұраныс пен
ұсынысты жасайтын еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарға
жалақы, пайыз және рента түріндегі бағалардың қалыптасуы орын
алатын нарықтар. Бұл жерде өндіріс факторларына сұраныс
туынды
сұраныс деп аталады, яғни фирмалардың ресурстарға деген сұранысы
солардың көмегімен өндірілетін дайын игіліктерге деген сұранысқа
тәуелді болып табылады. Егерде, дайын игіліктерге сұраныс өссе, онда
соларды өндіруге жұмсалатын ресурстарға да сұраныс артады. Ал
Достарыңызбен бөлісу: