178
өмірде жерді иемденуді және оны пайдалануды әртүрлі тұлғалар
жүзеге асырады.
Қазіргі экономикалық теорияда
жер категориясы ауылшаруа-
шылықтық және ауылшаруашылықтық емес мақсаттарда қолда-
нылатын өндіріс үдерісінің басты құралы және шешуші факторы
ретінде сипатталады. Қоғамдық өндірістің негізі бола алатын
жер экономиканың салаларында әртүрлі қызметтерді орындайды.
Біріншіден, жер өндіріс құрал-жабдығы ретінде қызмет атқарады:
жердің кеңістік жағынан шектеулі болуы, жердің адам іс-әрекетінің
нәтижесі емес, оның табиғаттың берген сыйы ретінде қарастырылуы,
рента түрінде табыс әкеле алуы және оның бағасының болуы, т.б.
Екіншіден, жер еңбек заты ретінде қызмет атқарады: өңдеуші
өнеркәсіпке қажетті, кәсіпорын немесе зауыт салуға арналған алаң
ретінде пайдаланылуы, жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп өнім алу
мүмкіндігі, т.б.
Үшіншіден, жер еңбек құралы қызметін атқарады:
мысалы, жерге тұқым сепкен күннен бастап өнім өсіру қызметін
Жер-ана атқарады.
Жер факторының басқа өндіріс факторларынан айырмашылығы
және ерекшелігі мыналардан көрінеді:
1. Жердің ұсынысы әрқашанда шектеулі болады;
2. Жердің ұсыныс қисығы өте икемсіз болып табылады;
3. Жердің қозғалмайтындық сипатта болады;
4. Жер шаруашылықтық іс-әрекеттің кез келген түрінде қолда-
ныла береді;
5. Жердің құны болмайды, бірақ оның бағасын анықтауға болады.
Сонымен, жердің саны және оның ұсынысы шектеулі болғандық-
тан, жер нарығында белсенді рөлді оған деген сұраныс атқаарады.
Достарыңызбен бөлісу: