Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


) Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер



Pdf көрінісі
бет227/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

2) Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
- мемлекеттік баждар;
- тіркеу алымдары;
- Қазақстан Республикасының территориясы бойынша автокөлік 
құралдарымен жүргені үшін алымдар;
- аукциондардан алымдар;
- қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқығы үшін 
лицензиялық алымдар;
- телевизиялық және радиолық таратқыш ұйымдардың радио-
жиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алымдар;
- жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемдер;
- су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер;
- қоршаған ортаны пайдаланғаны үшін төлемдер;
- жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін төлемдер;
- орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер;
- ерекше қорғалатын табиғи территорияларды пайдаланғаны үшін 
төлемдер;
- қалааралық және халықаралық телефондық байланысты және 
ұялы байланысты қолданғаны үшін төлемдер;
- кемелік су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемдер;
- сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемдер.
Салықтар құрылымында маңызды орынды тікелей және жа-
на ма салықтар алады. Тікелей салықтар деп біз салық салу 
объектісі ретінде физикалық және заңды тұлғалардың табысынан 
(пайдасынан), табиғи ресурстардан және табыс табуға мүмкіндік 


282
беретін басқа да факторлардан алынатын салықтарды атаймыз. 
Қазақстан Республикасында тікелей салықтарға корпорациялық 
табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушыларға 
салық, әлеуметтік салық, жер салығы, көлік құралдарына салық, мүлік 
салығы және басқалары жатады. 
Жанама салықтар – бұл тауарлар мен қызметтерді өткізу, 
экспорттық-импорттық және сол сияқты операцияларымен 
байланысты тауар бағасына үстеме немесе пайыз қосу арқылы 
алынатын салықтар. Қазақстанда жанама салықтарға қосылған құн 
салығы мен акциздер жатады.
Табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкердің белсенділігінің 
төмендеуіне, басқа да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы 
проблемаларды американ экономисі Артур Лаффер 80-жылдардың 
басында зерттеп, табыс салығы өсімінің жоғары болуы қай бір 
елде болмасын оның өндірісінің тоқырауына, инфляция деңгейінің 
тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеледі деген 
қорытындыға келді. А. Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және 
оның мөлшері арасындағы тәуелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай 
көріністі «Лаффер қисығы» деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет