Лаффер қисығы – бұл бюджетке түсетін салықтық түсімдердің
салық мөлшерлемесінің деңгейіне тәуелділігін сипаттайтын қисық
сызық. Салықтың нөлдік деңгейі кезінде мемлекет қазынасына
ешқандай салықтық түсімдер түспейді. Салық мөлшерелемесінің
50%-ға (кейбір әдебиет көздерінде 35%-ға дейін) дейін өсуі кезінде
бюджетке түсетін салықтық түсімдер максимум деңгейіне жетеді, ал
салық мөлшерлемесінің одан әрі артуы енді бюджеттік түсімдерді
төмендетеді. Бұл кәсіпкерлік қызметке деген ынтаны төмендетеді
(себебі салықтың жоғары мөлшерлемесі кезінде кәсіпкерлер мен
тұрғындар өздерінің тапқан табыстарының едәуір бөлігін мемлекет
қазынасына аударуға мәжбүр болады). Өз кезегінде, кәсіпкерлер
банкроттыққа ұшырайды, соның салдарынан олар салықтан жалтарып
және өз табыстарының бір бөлігін жасырып, «көлеңкелі» бизнеске
кетуі мүмкін. 100%-дық салық мөлшерлемесі кезінде экономикалық
қызмет толығымен тоқтайды. Лаффер қисығы 14.1-суретте
көрсетілген.
Сонымен, Лаффер әсері – бұл кәсіпкерлік табысқа салынатын
салықтардың тым жоғары болуына байланысты инвестициялық
белсенділіктің жоғалуы мен еңбекке ынтаның төмендеуі салдарынан
ресми экономиканың көлеңкелі экономикаға өтуі.
283
мемлекет бюджет кірістері
Т
0
50%
салық
мөлшерлемесі
100%
t
14.1-сурет. Лаффер қисығы
14.3. Ақша жүйесінің элементтері және ақша агрегаттары
Ақшалар айналыс құралы ретінде қоғамның экономикалық
әрекеттерін келісімді түрде реттеуге мүмкіндік береді.
Ақша жүйесі – бұл тарихи қалыптасқан және мемлекеттің
заңымен бекітілген ақша айналысын ұйымдастырудың формасы, жеке
элементтері белгілі бір бірлікте болатын жүйе.
Ақша жүйесінің негізгі элементтері:
- ақша бірлігі мен баға атаулары;
- ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және
қамтамасыз ету сипаты;
- нақты ақшаны қажет етпейтін төлем айналымын ұйымдастыру;
- ұлттық валютаның бағамы, оны шетел валютасына айырбастау
тәртібі.
Елдің ақша жүйесін реттеу жұмысын осы жүйенің әрқилы
элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын қаржы-несие органдары
жүзеге асырады.
Ақша массасы – бұл қолма-қол және қолма-қолсыз нысандағы
барлық ақша қаражаттарының жиынтығы. Ақша массасының
көмегімен шаруашылықтағы тауарлар мен қызметтердің айналымы
жүріп отырады. Ақша массасының шамасы ақшаға сұраныс пен ақша
ұсынысы факторларына тәуелді болып табылады.
Ақша массасының құрылымын ақша агрегаттары анықтайды.
284
Достарыңызбен бөлісу: |