314
ХХ ғасырдың 70-жылдары басында бреттон-вудтық жүйе
дағдарысқа ұшырады. Валюталардың тіркелген айырбас бағамдарын
ұстап тұру ХВҚ-ға мүше-елдердің бірыңғай экономикалық саясатты
жүргізіп отыруын талап етті. Алайда, бұл мүмкін болмады. Әртүрлі
елдерде инфляция қарқыны шарықтап мәселелер көбейе түсті.
Жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін алтынның ұсынысы
жеткіліксіз болды.
Алтын девиздік жүйенің қарама-қайшылықтары оны жаңа
валюталық жүйеге – басқарылатын құбылмалы валюта бағамдары
жүйесіне ауысу қажетті-лігіне алып келді.
3. Басқарылатын құбылмалы валюта бағамдары жүйесі
(Ямайкалық валюталық жүйе) (1971 ж.). Жаңа валюталық жүйеде
оның алтынмен байланысы заң жүзінде жойылды. Ешқандай да
валютаның алтындық мазмұны болмайтын болды және алтынға
айырбасталмайтын болды.
Валюта жүйесін реформалау долларды резервтік валюта ретінде
шеттетуге бағытталды. Ұлттық валютаны ұжымдық валютамен
ауыстырудың қажеттілігі туындады. Қазіргі заманғы әлемде екі
ұжымдық валюта: арнаулы өзара қарыз құқықтары (SDR – Special
Drawing Right) және еуропалық валюта бірлігі (еуро) орын алып отыр.
SDR – бұл Халықаралық валюталық қорға қатысушы елдердің
өз ара есеп айырысуы үшін осы қор 1969 жылы ұйымдастырған
материалдық формасы жоқ ұжымдық валюта өлшемі. СДР-ды бағалау
құрамында доллар – 42%-дан, батыс еуропалық ақша бірліктері
(стерлинг фунты, франк, марка, олар қазіргі уақытта еуро) – 45%-
дан, йена – 13%-дан құралатын валюта «қоржыны»
6
негізінде жүзеге
асырылады.
Еуро – бұл Экономикалық және валюталық одаққа мүше болып
санала-тын 12 елдің ұжымдық валютасы. Еуроның теориялық
негіздерін Нобель сыйлығының иегері, оңтайлы валюта зонасы
үлгісін құрушы Роберт Манделл қалаған. Еуроның әрекет ету тәртібі
Еуропалық Одақтың Орталық банкімен анықталады. Басқа елдердің
еуровалюталық одаққа қосылуы үшін бірқатар шарттарды орындауы
қажет. Біріншіден, мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 3%-нан,
екіншіден, мемлекеттік қарыз көлемі ЖІӨ-нің 60%-нан аспауы керек.
Үшіншіден, инфляция деңгейі өзінің минималды деңгейінен тек 1,5%
аралығында ғана аса алады.
6
Достарыңызбен бөлісу: