319
ашықтылық; 2) мемлекет; 3) қаржы; 4) инфрақұрылым; 5) технология;
6) басқару; 7) еңбек; 8) институттар. Әр топтың өзіндік үлес салмағы
бар: мысалы, «ашықтылық», «мемлекет», «қаржы» 16,7%, ал
«басқару» мен «институттар» - 5,5%. Сегіз факторлық индекстің
(оның ішінде көптеген субиндекстер бар) негізінде елдің бәсекелік
қабілеттілік рейтингісі анықталады.
ДЭФ-тің бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің мәліметтері бойынша
Қазақстан 1999 жылы 74-, 2000 жылы 68-, 2001 жылы 65-, 2002 жылы
71-, 2004 жылы 76-, 2005 жылы 68-
орындарда болса, 2011-2012
жылдары 51-ші орыннан бір-ақ көрінді.
Осыларға қарап, халықаралық айырбастың қатысушысы ретінде
Қазақстан экономикасының
салыстырмалы артықшылықтарын
және
әлсіз жақтарын қарастырып өту қажет.
Біз білетініміздей,
экономиканың салыстырмалы артықшылықтары сыртқы саудада
ұлттық шаруашылықтың нақты бір саласының, аясының және қызмет
түрінің әлемдік орташа деңгеймен салыстырғанда жоғары болғанда
ғана соларға маманданудың тиімділігін көрсетеді.
Қазіргі уақытта, әлемнің барлық елдері дамудың әртүрлі деңгейінде
тұрса да және табиғи ресурстармен әртүрлі қамтамасыз етілгеніне
қарамастан, ең алдымен, өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің экспортын
дамытуға тырысады. Мәселен, Қазақстанның қазіргі экспорттық
құрылымының 75%-ын минералды-шикізаттық өнімдер алып отыр,
ал қалған үлеске металлдар, химиялық тауарлар, азық-түлік өнімдері,
машина жасау өнімдері ие. Қазақстан импортының құрылымында
машиналар мен құрал-жабдықтардың үлесі 45%, минералдық
өнімдер 14%, химиялық тауарлар 11% және тамақ өнімдері 7% болып
табылады. Қазақстан тауарларын басты импорттаушылар болып Батыс
Еуропа елдері, соның ішінде, Италия, Швейцария, Франция, Германия,
Англия,
сондай-ақ, Ресей, Қытай, АҚШ және Украина табылады.
Осыған байланысты, мүмкіндігінше, машиналар, құрал-жабдық-
тар, дайын тауарлар экспортына өтіп, Қазақстанның сыртқы сауда
құрылымын өзгерту қажет.
Жоғары білікті мамандар Қазақстанның отын-энергетикалық
және шикізаттық өнімдерді өндіретін салаларында салыстырмалы
артықшылықтар тудыратын аса маңызды факторларға:
– бірқатар түрлері бойынша әлемдік маңызы бар ірі және кешенді
минералды-шикізат қорларының болуын;
– отын-энергетика кешенінде әлемдік деңгейдегі өнеркәсіп
қуаттарының болуын;
320
– сәйкес көліктік және энергетикалық
инфрақұрылымның бар
болуы;
– біліктілігі жоғары маман кадрлардың және ғылыми-техникалық
жетістіктердің бар болуын жатқызады. Жалпы өңдеуші өнеркәсіп және
машина жасау экспортында әлсіз жақтарды тудыратын факторларға:
– өндірісті ұйымдастырудың тиімсіз технологияларына және
әдістеріне ие болуы, оның ресурсты көп қажет ететіндігі, ал
бұл
өнеркәсіп өнімін әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілетсіз етеді;
– негізгі қорлардың өте жоғары дәрежеде тозуы және оларды
жаңартудың шектеулі мүмкіндіктері;
– алдыңғы қатарлы озық индустрияны дамыту бойынша нақты
мемлекеттік бағдарламалардың болмауы;
– өндірісті орналастырудың тиімсіздігі
және жоғары көліктік
шығындар;
– бизнес пен маркетингте тәжірибенің жетіспеушілігі, бірегей
инфрақұрылымның болмауы жатқызылады.
Бірқатар сарапшылар Қазақстан экономикасының және оның
бәсекелік қабілеттілігінің әлемдік
шаруашылықтағы қазіргі және
болашақтағы орнын анықтауға талпыныстар жасауда. Мұндай
болжамдық бағалаулар негізгі үш талапқа жауап беруі тиіс: елдің ішкі
мүмкіндіктерін нақты бағалай алудан; жалпы әлемдік үрдістерді нақты
бағалай алудан; қолданыстағы көрсеткіштер мемлекеттік реттеудің
объектісі бола алуы үшін ішкі мүмкіндіктерді бағалаудың әдістемесін
жеткілікті түрде анықтай алудан тұруы қажет.
Қазіргі әлемде болып жатқан экономикалық дағдарысқа қарамас тан,
сарапшылар 2030 жылдан 2050 жылға дейін әлемдік экономиканың
белсенді түрде өсуі байқалады деп болжайды. Мұндай экономикалық
өсу ең алдымен, жоғары технологиялы салалар мен қызметтер аясы
есебінен қол жеткізіледі және өндіруші мен өңдеуші өнеркәсіп,
құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында өсу бәсеңсиді және
олардағы жұмысбастылық қысқарады деген пікірлер көп айтылады.
Мұндай құбылыстар бір топ дамыған елдер үшін қазірдің өзінде
шынайылыққа айналып отыр. Дамыған елдерде әлемдік халықтың
20%-ы тіршілік етеді. Қалған 80%-ы халқы бар дамушы мемлекет-
терде азық-түлікке, дәрі-дәрмекке, ұзақ пайдаланылатын заттарға,
машиналар мен құрал-жабдықтарға қажеттіліктерді қанағаттандыру
деңгейі төмен. Сәйкесінше, ұзақ мерзімді басымдықтарда өнімнің
осындай түрлерін жедел қарқынмен арттырудың әлеуетті мүмкіндік тері
пайда болып отыр. Бірақ осындай мүмкіндіктерді іске асыру мәселесі
321
әлі де болса дамыған елдер тұрғындарының төлем қабілеттілігі бар
сұраныстарына келіп тіреледі. Егер келешек уақыттарда дамушы
мемлекеттер өздерінің төлем қабілеттілігі бар сұраныстарын дамыған
елдерге қарағанда тез қарқынмен кеңейте алса, онда әлемдік деңгейде
өңдеуші өнеркәсіп пен құрылыс саласы жоғары технологиялар мен
қызметтер көрсету салаларының өсу қарқынынан қалмайтын болады.
Қазір
БРИКС деп аталатын ұйымға мүше,
өте тез қарқынмен
дамып келе жатқан Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік
Африка Республикасы сияқты бес мемлекеттің жиынтық ЖІӨ көлемі
2050 жылға қарай АҚШ, Германия, Англия, Франция, Италия, Канада
және Жапония сияқты
«Үлкен жетілік» елдерінің ЖІӨ көлемінен
асып түсетін болады. 2050 жылға қарай болжамға сүйенетін болсақ,
ЖІӨ көлемі бойынша елдер былайша жайғасатын болады: 1) Қытай;
2) АҚШ; 3) Үндістан; 4) Жапония; 5-6) Ресей және (немесе) Бразилия.
Қазақстан Республикасы болса өзінің ұлттық бәсекелік қабілет-
тілігін әріқарай нығайта беретін болады және үдемелі құрылымдық
алға жылжулар мен инфрақұрылымдық қайта құрулар негізінде
экономикалық тиімділікті көтеруге бағытталған саналы іс-шараларды
жүзеге асыра отырып, бәсекелік күрес жағдайында әлемдік
экономикада өзінің лайықты орнын табатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: