94
мәні 1-ден
төмен болады, Е
P
D
<1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға
қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді).
3) Бірлік икемді сұраныс – бағаның және сұраныс көлемінің бір
пропорцияда өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні
1-ге тең болады, Е
P
D
=1 (бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, сұраныс
көлемінің де сонша пайызға өзгеретіндігін білдіреді).
4) Абсолютті (өте) икемді сұраныс – бағаның өте аз өзгеруіне
немесе мүлдем өзгермеуіне орай сұраныс көлемінің шексіз өзгеруін
көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады,
E
P
D
= ∞.
5) Абсолютті (өте) икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруі сұраныс
көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз
өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең
болады, E
P
D
= 0. Өте икемді және өте икемсіз сұраныстың түрлерін
икемділіктің ең шеткі немесе сирек кездесетін жағдайлары деп атайды.
2. Сұраныстың қиылысқан (тоғыспалы) икемділігі – бір
тауардың бағасының (Х) пайыздық өзгеруіне байланысты сол
тауарды алмастыратын немесе толықтыратын
екінші бір тауарға
(Y) деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеру дәрежесін көрсететін
коэффициент. Бұл икемділіктің коэффициенті мына формуламен
беріледі:
E
1>
Достарыңызбен бөлісу: