Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Ұсыныстың баға бойынша икемділігі



Pdf көрінісі
бет78/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

Ұсыныстың баға бойынша икемділігі – тауар бағасының бір 
пайызға өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемінің салыстырмалы түр -
де қанша пайызға өзгеретінін және соған орай сезімталдық реакция-
сын көрсететін сандық коэффициент. Ұсыныстың бағаға икемділігі нің 
көрсеткіштік мәні мына формуламен беріледі:
E
S
P
 = DQ% / DP%,
мұндағы, E
S
P
– ұсыныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін 
коэффициент; DQ% – ұсыныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; 
DР% – тауар бағасының салыстырмалы өзгеруі.
Ұсыныстың баға бойынша икемділігінің де сұраныстікіндей негізгі 
5 түрі бар: 
1) икемді ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс 
көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің 
бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді), бұл 
икемділіктің коэффициенті бірден жоғары (E
S
P
>1);
2) икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс 
көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің 
бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді), бұл 
икемділіктің коэффициенті бірден төмен (E
S
P
<1);
3) бірлік икемді ұсыныс – бағаның да, ұсыныс көлемінің де бір 
пропорцияда немесе бірдей пайызға өзгеретінін көрсететін жағдай 
(бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, ұсыныс көлемінің де сонша 
пайызға өзгеретіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті 
1- ге тең (E
S
P
=1);
4) абсолютті (өте) икемді ұсыныс – бағаның өте аз немесе мүлдем 
өзгермеуіне байланысты ұсыныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін 
жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, E
P
S
= ∞;
5) абсолютті (өте) икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруі ұсыныс 
көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз 
өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең 
болады, E
P
S
= 0.


97


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет