2-ші тапсырма: Талшықты клетка – сперматозоид. Бояуы-темірлі
гемотоксилин. Микроскоптың кіші ұлғайтқышына қойып қарағанда басы, талшығы бірден
көзге көрінеді. Осы талшықты клетканың суретін салып, белгілейтіндеріңіз: 1) бас; 2)
талшық.
3-ші тапсырма: Бірыңғай салалы бұлшықет клеткасының миофибриллалары. Бояуы-гемотоксилин-эозин. Препараттан көретіндеріңіз- ұршық пішінді миоциттер.
Сопақша келген ядросы ортасында орналасқан. Цитоплазмада фибриллярлы
құрылымдарды көруге болады. Осы фибриллалар клетканы қозғалысқа келтіреді. Суретін
салып белгілейтіндеріңіз: 1) миоциттер; 2) ядро; 3) цитоплазма; 4) миофибрильдер.
4-ші тапсырма: Көлденең жолақты бұлшық ет талшықтары.Бояуы- темірлі
гемотоксилин. Микроскоптың кіші ұлғайтқышына қойып қарағанда талшықтар, көптеген
ядросы бар, сарколемма жақсы көрінеді. Цитоплазмада (саркоплазмада) бірде жарық,
бірде күңгірт болып кезектесіп орналасқан сызықтарды көруге болады, олар
миофибрильдер, саркомерада орналасқан. Суретін салып, белгілеңіздер:
1) саркоплазма; 2) ядро; 3) сарколемма; 4) миофибриллалар; 5) микрофиламенттер.
5-ші тапсырма: Жүйке клеткасындағы нейрофибриллер.Азот-қышқыл
импрегнация. Тармақталған жүйке клеткасының нейронының ортасында үлкен сопақша
ядросы орналасқан. Нейроплазмада қара түске боялған, ретсіз орналасқан жіпшелерді,
яғни нейрофибрилдерді көруге болады. Көргендеріңіздің суретін салып, белгілеңіздер (30-
сурет).
30-сурет. Метаплазмалық түзіліс: 2-нейрондардары нейрофибриллалар Бақылау сұрақтары: 1. Клеткада болатын қандай қозғалыс органоидтарын білесіздер?
2. Тонофибрильдер, миофибрильдер, нейрофибрильдер қайда кездеседі?
3. Кірпікшелер қандай қарапайымдыларда кездеседі, мысал келтір.
4.Талшықтылар қандай клеткада кездеседі және мысал келтір.
5.Кірпікшелер мен талшықтылардың ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
6.Клетканың активті қозғалысына қандай белоктар қатысады?