№ 11 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Клетканың қозғалыс органдары
Мақсаты: Қарапайымдылар мен омыртқалы жануарлардың
қозғалыс органдарының
микроскопиялық құрылысын зерттеу
28-сурет. Клетканың кірпікшелері. Егеуқұйрық кеңірдегінің дистальды бөлімінің кірпікшелі
эпителиоциттерінің электроиды микросуреті А-клетка кірпікшелерінің көлденең кесіндісі
х 96000.
1-клетка қабығы (цитолемма); 2-кірпікшенің цитоплазмасы; 3-шеткі қос
микрофибриллалар; 4-орталық, кос микрофибрилла; (Шестранд бойынша).
1-ші тапсырма: Айқұлақ ішегінің кірпікшелі эпителийі. Темірлі
гемотоксилинмен
боялған. Микроскоптың кіші көрінісіне қойып, цилиндр тәрізді
эпителий клеткаларын
табыңыздар. Содан кейін үлкен ұлғайтқышқа ауыстырып,
сол клеткалардың апикальді
жағында орналасқан көптеген кірпікшелерді көресіздер. Сол кірпікшелердің
әрқайсысының астында бір-бірден базальды денешік орналасқан.
Көрген клеткаларыңыздың суретін салып белгілерін қойыңыздар (29-сурет).
29-сурет. Ішек эпителиоциттерінің апикальды бетіндегі бүрлер. Электронды микросурет.
х 16000. 1-сору, сіңіру жиектерін (каемкаларын) түзетін клеткалардың микробүрлері; 2-