— 1 — dauletten қосымшасындағы баспанаға бағыт ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін



Pdf көрінісі
бет64/114
Дата22.11.2022
өлшемі4,12 Mb.
#51783
түріСабақ
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   114
Байланысты:
«Бизнеске бағыт» кітабы.

 — 110 —
Б
аспана жайлы 
Ұ
ланнан жеке ақылы консультация үшін: 
8-700-298-72-83 (W
hats
A
pp
)
олардың қалауын онлайн қабылдап, тапсырысын 
тек алып кетуге дайындап қойсаңыз болғаны. 
Жарнаманы тиімді ойластырып, сатып алушының 
қалауын түсіну сіздің мүмкіндіктеріңізді арттырады. 
Сондай-ақ бәсекелестерден әлдеқайда табысты болу 
қабілеттеріңізді шыңдайды. 
Бизнесті дамытуға арналған кейстер:
1. Shoutout for shoutout немесе екіжақты жарна-
ма. Бұл дегеніміз екі парақша оқырмандарына 
бір-бірін жарнамалайды. Келісім бойынша екі 
парақшаның админдері бір уақытта пост немесе 
сторис салып, бір бірін белгілейді. Посттағы та-
уармен танысқан адамдардың басым көпшілігі
парақшаға кіреді. Демек екі парақшаның оқыр-
мандары алмасады. Бұл әдісті қазіргі кезде көп-
теген танымал блогерлер тиімді пайдаланып 
жүр. Мысалға алатын болсақ, еліміздегі танымал 
әншілердің бірі өзі қолданған косметиканы 
жарнамалайтын болса, көптеген оқырмандар 
белгіленген парақшаға кіріп, қосымша ақпарат 
алғысы келеді. Ал кезекті бизнес парақшада 
тауарды сол әнші сатып алғандығы туралы пост 
турса, оқырманнның сенімділігі арта түседі. Дәл 
осы жарнама уақытында парақша жабық болуы 
керек. Себебі оқырмандар ақпаратты тексеру үшін 
«подписаться» тетігін басып екіжақты аудитория 
алмасып, оқырман саны арта түседі. Аталмыш 
әдісті қолданатын болсаңыз, сіз үшін бірнеше 


 — 111 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы 
видео-сабақтарына жазылу үшін: 
8-747-942-18-76
 (WhatsApp)
ескеретін жайт бар: келісім жүргізіп отырған 
парақшаның оқырмандары тірі оқырман екенін 
қадағалаңыз, егер накрутка болатын болса
жарнамадан сізге ешқандай пайда болмайды. 
Керісінше өзге парақшаны белгілеу арқылы өз 
оқырмандарыңызды басқа жанға тіркеп бересіз. 
Жарнама уақытын нақты бекітіңіз, себебі екі 
түрлі уақытта салынатын болса, аудиторияда 
сенім болмайды. Ал сіздің басты мақсатыңыз
сол оқырмандардың сіздің парақшаға тіркелуі. 
2. Блогерлер мен танымал жандардың жарна-
масын пайдалану. Бұл жарнама түрін көбіміз 
білеміз, алайда дұрыс пайдаланбаймыз. Сізге бір 
әнші ұнады, десек те оның оқырмандары мүлде 
сіздің мақсатты аудиторияңыз болмауы мүмкін. 
Келісім жасар алдында оның барлық статистика-
сын сұрап алуыңыз керек. Жарнаманы неше рет 
жасайтынын, қандай бағытта және сағат нешеде 
салатынын келісуді ұмытпаңыз. Сонымен қатар, 
оқырмандарын да зерттеуіңіз қажет. Ол әншінің, 
блогердің парақшасындағы кез келген посттағы 
пікірлерді оқып шығыңыз. Басым көпшілігі нега-
тив болмау керек. Мәселен, танымал әншілерді 
алатын болсаңыз, олардың аудиториясын 
жақсылап зерттеуіңіз қажет. Егер сіздің 
тауарларыңыз қолжетімді болатын болса, әрине, 
жарнамадан тауарыңызға сұраныс артады. Ал 
егер сізде үлкен компания болып, қымбат қызмет 
түрін жарнамалайтын болсаңыз, сәйкесінше 
танымал бизнесмендермен серіктестік орнатып, 
сол парақшаға жарнама бергеніңіз дұрыс болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет