Сабақ тақырыбы: Web-парақшаға мультимедиа нысандарын енгізу Негізгі материал: Мультимедиа



бет1/4
Дата20.07.2022
өлшемі166 Kb.
#37804
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
doc1610948052


Сабақ тақырыбы: Web-парақшаға мультимедиа нысандарын енгізу
Негізгі материал:
Мультимедиа – мәтін, графика, анимация, сандық бейнелерді, бейне, дыбыс сияқты деректер типін енгізуге, өңдеуге, сақтауға, беруге және бейнелеуге мүмкіндік беретін технологиялар жиынтығы. Web-беттердің басқа web-беттерге қатысты сілтеменің болуы – World Wide Web жүйелерінің ең тартымды ерекшеліктерінің бірі. HTML құжатында гипермәтіндік сілтемелерді құру өте жеңіл.
Сілтеме (гиперсілтеме) – бұл беттегі кез келген мәтін фрагментін (сөзді, фраза немесе бүкіл абзацты) немесе басқа интернет бетімен немесе деректер файлымен байланыстыру мүмкіндігі. Ол үшін атрибуты, яғни параметрі бар ашылатын және қарапайым жазылатын тегтері пайдаланылады.
тегінің ішінде міндетті түрде href атрибуты орнатылады. және тегтерінің арасында сілтеме мәтіні немесе сызба элементі орналастырылған. Осылайша қарапайым сілтеме келесідей болуы мүмкін:
электронды журнал


Фреймдер. Фрейм құрылымы. HTML тілі браузер программасы терезелерін бірнеше бөлікке бөліп тастау мүмкіндігін береді және олардың әрқайсысында жеке құжаттар бейнеленеді. Осындай бөліктерді фрейм деп атаймыз.

    1. Фреймдерді құру үшін HTML-дің ерекше құжаты пайдаланылады, оның құрылымы кәдімгі құжаттардан бөлек болады. Осындай құжаттарда құжат «денесінің» бөлімдері болмайды, ол шын мәнінде қандай да болсын мәтінде мүлде болмайды. Оның орнына бұл құжаттарда және тегтерінің арасында орналасқан фреймдер болады.

    2. тегі, терезелерді бөлу әдістерін анықтайтын атрибуттар:

    • COLS = атрибуттарын пайдаланған уақытта терезелер вертикаль сызықтармен;

    • ROWS = атрибутын пайдаланған уақытта горизонталь сызықтармен бөліктерге бөлінеді.

Осы атрибуттардың мәндері терезе бөліктерінің биіктігін (немесе енін) анықтайды. Әр бағанға (жолға) арналған параметрлер пиксель өлшем бірлігі бойынша үтірлер арқылы немесе процентпен (% белгісі) беріледі.
3) және тегтерінің арасында қалыптасқан бөліктердің қажеттілігін көрсететін қосымша тегтер орналастырылады. экрандағы жеке бөліктеріне шақырылатын құжаттарды анықтайтын, жеке-даралық тегтерін пайдалануға болады.
4) тегінде аталмыш бөлікке шақырылатын құжат- тарды анықтайтын SRC = міндетті атрибуттары болуы керек. Қосымша атрибуттар және фреймдер арасындағы қоршауларды және оның басқа кейбір қасиеттерін реттеу мүмкіндігін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет