Бастапқы əскери мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналғАН



Pdf көрінісі
бет21/80
Дата23.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#52111
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80
 Психология ғылымы қызметі. Психология ғылыми жəне тəжірибелік пəн ретінде де 
негізгі атқарар қызметтері ауқымы өте үлкен.Олардың таңбалары: 
- Психологиялық теориялардың дамуы 
- Ғылымдар жүйесінде психологиялық ілімдердің интеграциясы 
- Практикада психологиялық технологиялар, əдістемелерін ұсыну 
- Психологиялық теориялар мен тəжірибелерді тарату 
- Əлеуметтік топтарды психологиялық біліммен таныстыру жəне күнделікті өмірде 
қолдану 
- Белгілі бір əлеуметтік-психологиялық жүйелер құру жəне ол жүйелер адам өміріндегі 
түрлі жағдайлар мен еңбек өмірінде көмегін тигізу. 
 Психологияның негізгі мақсат міндеттері. 
- психологиялық құбылыстардың мəні мен заңдылықтарын түсіндіру 
- психикалық құбылыстарды басқара білу 
- психологиялық білімдерді тəжірибенің қандай саласында болмасын қолдану жəне 
адамға əруақытта нəтижелі жақтарын қарастыру 
- барлық салада да психологиялық қызметті дамыту 

психодиогностика, 
психокоррекция, 
психотерапия, 
психопрофилактика, 
психологиялық кеңес, психотренинг, психогигиеналық жұмыстарды дамыту жəне 
жүргізу, қолдану. 
- адам өз психологиясының дамуы барысында жеке басына тəн қасиеттер туралы танып 
біліп, күнделікті өмірде адам өзін-өзі басқару мен жеке басы қасиеттерін дұрыс бағалап
дамытуға үйрету. 


Психология ғылымы салалары. Қазіргі кезде психология ғылымы көп салалы ғылыми 
пəндермен 40-тан астам салаларға бөлінеді. Бұл жіктелуде негізгі ескертетін жағдайлар: 
- пəннің зерттеу объектісі 
- адамның іс-əрекет түрлерін негізге алады 
- адамның əлеуметтік ортаға қатысы. 
Күнделікті өмірмен үнемі байланысты ең үлкен салаларын мысалға келтірейік.Жалпы 
психология 
– 
адамның 
барлық 
психикалық 
құбылыстарының 
заңдылықтарын
зерттейді.Əлеуметтік 
психология, 
жас 
ерекшелігі 
психологиясы, 
педагогикалық 
психология, еңбек психологиясы, арнаулы психология, медициналық психология, əскери 
психология, спорт психологиясы, заң психологиясы, салыстырмалы жəне т.б. 
психологиялық салалар. Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы. 
XIX ғасырдың екінші жартысына дейін психология философия ғылымының бір саласы 
болып келді, сондай-ақ бұл жаратылыстану, медицина, əдебиеттану ғылымдарымен 
байланыста дамыды. Психология таным теориясы мен диалектика, ғылым тарихының 
көптеген салаларымен жəне тарих, əдебиет, лингвистика, география, антропология, өнер 
ғылымдары мен де байланысы өте зор. Педагогика ғылымы да оқыту, тəрбие процесінде 
психологиялық заңдылықтарды негізге алу барысында тығыз байланысты. 
Адам тану ғылымдарында психология ғылымы жетекші орында жəне көптеген ғылымдар 
саласымен тығыз байланыста дамуда.. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет