шешімін табуда бір–біріне қарсы философия бағыттары –
идеализм мен материализм
пайда болды. Идеалистер психиканы болмыс бастауы,
өз бетінше жасайтын, материяға
тəуелсіз, белгісіз бір зат деп қарастырды.Ал материалистік танымда психика – туынды,
материяға тəуелді құбылыс.
Ертедегі Қытай медицинасы мен ежелгі Үндістан дəрігерлері адамның тəні мен
психикалық тіршілігінде қан айналу процесінің жəне жүрек
қызметі мен организмдегі
түрлі сұйықтықтардың құрамына байланысты пайымдаулары келесі дəуірлерде Вавилон,
Мысыр, Қытай, Үндістан жəне ежелгі Шығыс елдерінде жалғасты. Бұл түсініктер адам
психикасының даму туралы заңдылықтардың бір арнаға бағыттала бастағанын көрсетеді.
Осындай тарихи жағдайлар адамның жан дүниесіне қатысты мəселенің ерте кезде де
адамзат мəдениетінің, дүниетанымы мен білімінің философиялық жүйесін,
табиғат
жайындағы мəліметтер мен адам психикасының өзіндік сипаттарын білдіретін ізденістер.
Психология тарихын зерттеген ғалымдар бұл пəннің практикалық маңызы мен ғылыми
білімдер жүйесінде алатын орнын оның философия мен
жаратылыстану ғылымдарынан
бастама алғандығын түсіндіреді. Бұл – объективтік шындық жəне ғылыми тұжырым.
Достарыңызбен бөлісу: