С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері


Ойын-тренинг «Тҧлғаішілік шиеленіс»



Pdf көрінісі
бет125/134
Дата24.11.2022
өлшемі4,2 Mb.
#52352
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   134
Байланысты:
Якушева С.Д. Педагогикалық шеберлік негіздері. Оқулық

Ойын-тренинг «Тҧлғаішілік шиеленіс» 
1. Жерді жалға беру-алу жəне пайдалану жөніндегі муниципалдық бөлімді 
бір шенеунік басқарады. Бөлім қалалық биліктен балалар, спорттық, ойын жəне 
басқа да алаңдарды қандай да бір басқа мақсаттарға (мысалы, қҧрылыс, 
автотҧрақ ҧйымдастыру жəне т.б.) тыйым салу туралы өкім алды. Дегенмен 
шенеуніктің тікелей бастығы алынған өкімді өзінше талдап, қандай да бір 
балалар алаңын жою туралы сəйкес көрсетілімдер береді. Шенеунік 
бастығының бҧйрығын орындай бастайды. 
2. Осы уақытта шенеуніктің қабылдауына адамдар келеді: заңды сақтауды 
жəне балалар алаңын қайта қалпына келтіруді талап еткен, қоғам өкілі; 
тазартылған(босатылған) аймақты жалға бергені ҥшін пара ҧсынған адам; егер 
шенеунік осы аймақты оның адамдарына бермесе, жазалаумен қорқытқан 
жергілікті мафияның өкілі. 
3. Жҧмыс кҥні аяқталған соң, шенеунік ҥйіне келе жатып, кҥні бойы өзімен 
болған жағдай туралы жолд өзінің ҧятымен сөйлесіп келеді; ҥйде кҥйеуінің 
ҧдайы кешігіп келетініне көңілі толмайтын («балалар əкесіз; əйелі кҥйеусіз) 
жҧбайы кҥтіп отыр. Шенеунік өзін ҥйінде, отбасында да ешкімнің 
тҥсінбейтініне ызалы ( 5 сызба). 
Ойынды жүргізу тәртібі. 
1. Студенттер арасында барлық рөлдерді бөлу (шенеуніктің рөлін 
қалаған студент алады); сарапшылар тобы тағайындалады. 
2. Ойын шенеунік пен бағынышты қызметкер арасындағы əңгімеден 
басталады да, «Ойын жағдаяты» бойынша жалғасады. 
3. Ойын барысында қатысушалыр рөлдерімен алмасып, жаңа 
ойыншылар тартылады. 
4. Сарапшылар сөз алады жəне ойын-тренингтің қорытындысын 
шығару. 


5 сызба. Ойын-тренингті жҥргізу 
Ескерту (ойынның басшысы ҥшін). «Тҧлғаішілік шиеленіс» 
ойын- тренингі ойыншылардың, əсіресе шенеуніктің рөлін 
ойнаушының, жоғары эмоционалдық-психологиялық кҥш салуын 
көздейді. Ойын барысында шенеуніктің психологиялық ахуалын 
қадағалау керек жəне қажет болған жағдайда ойынды тоқтатып, 
рөлдерді ауыстырған жөн. 
Ойын аяқталған соң, барлық шенеуніктердің «оңалуын» жҥргезу 
қажет: жағдаяттар мен олардан шығудың жан-жақты талдамасын 
жасау; ойынның қатысушыларын фрустрациядан қорғанудың 
əдістерімен таныстыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет