4-тест. Қҧзіретсіздік кешені бойынша ӛзін ӛзі бағалау
Алғаш рет қҧзіретсіздік кешені жайлы психоанализдің «негізін
қалаушы-бабалар» суреттеп, оларға анықтама берді. Осы атаумен олар
қуаныш сезімін бастан кешіруге кедергі болатын, жеке тҧлғаның даму
мҥмкіндігін шектейтін, қалыпты өмірді кҥрделендіретін, тҥсіндіруге
келмейтін қызба эмоциялық боялған көзқарастар мен өмірлік
ҧстанымдарды белгіледі.
Қҧзіретсіздік кешені адамның өзін өзі басқалардан нашар сезінуіне
мəжбҥрлейді, мысалы, ол кез келген бəсекелі кҥрестен, емтиханнан,
кəсіби сайыстардан, бизнестен жəне басқаларынан бас тартудың себебі
болуы мҥмкін. Бҧл кешен өзінің ар-намысы немесе қабілеттеріне деген
сенімсіздіктен туындаған. «Тіпті талпынбаймын да, бəрібір жеңілемін!»
- деп осы кешеннің қҧрбандары өздерін өздері сендіреді.
Кешендер, əдетте, табиғатынан немесе тəрбиесі бойынша қатал сот
қызметкері болуға бейім адамдарда дамиды. Олар өздеріне ҥкім
шығарып алады («бəкене бойлы», «семіз аяқ» жəне т.б.), бірақ
басқаларды ҧдайы сынға алады. Психология тҧрғысынан қандай да бір
өзін өзі бағалау тікелей сіздің қоршаған ортаға деген көзқарасыңызбен
байланысты. Осы əлемді сҥйген адам өзін де сҥйеді. Яғни, егер біз ҧдайы
басқаларды сынай берсек, онда өз жанымызды да аямаймыз. Аяусыздық
əдетке айналады да, кейіннен кешен болып қалыптасады. Ондай адам
шын мəнінде өзіне өзі риза болмайды. Әркімді бірнəрсе жегідей жейді,
əркімнің өз кешені болады. Өзіміздің неге тҧрарлық адам екенімізге көз
жеткізу ҥшін, біз ҧдайы өзімізді біреумен салыстырамыз да жҥреміз.
Ал сіздің хал-жағдайыңыз қалай? Ол ҥшін тестінің сҧрақтарына
жауап беріңіз.
Н ҧ с қ а у . Әрбір пікірді оқып шығып, өзіңіз ҥшін əділетті жауаптың
нҧсқасын таңдаңыз, пікірдің нөмірі мен таңдаған жауап нҧсқасының
нөмірін жазып алыңыз (ҧпай саны жауап нҧсқасының тҧсында
көрсетілген).
1. Адамдар мені тҥсінбейді:
а) жиі (0);
б) сирек (3);
в) ондай болмайды(5).
2. Өзімді ебедейсіз сезінемін:
а) сирек (5);
б) бəрі жағдаятқа байланысты (3);
в) өте жиі (0).
3. Мен оптимиспін:
а) иə (5);
б) тек ерекше жағдайларда (3);
в) жоқ (0).
4. Әр нəрсеге қуана беру — бҧл:
а) ақымақтық (0);
б) қиын сəттерді еңсеруге көмектеседі (3);
в) ҥйренуге тҧрарлық нəрсе (5).
5. Менде де басқа адамдардың қабілеттері болғанын қалаймын:
а)иə (0);
б)кей кездір (3);
в)жоқ, менің одан да жоғары қабілеттерім бар (5).
6. Менің кемшіліктерім тым көп:
а)бҧл рас (0);
б)бҧл менің көзқарасым емес (3);
в)жалған! (5).
7.
Өмір тамаша:
а)бҧл шынымен де солай (5);
б)бҧл тым жалпылама пікір (3);
в)тіптен олай емес (0).
8. Мен өзімді керексіз санаймын:
а)жиі (0);
б)кей кездері (3);
в)сирек (5).
9. Менің қылықтарымды айналамдағы адамдар тҥсінбейді:
а)жиі (0);
б)кейде (3);
в)сирек (5).
10. Маған ҥмітті ақтамайсың дейді:
а)жиі (0);
б)кейде (3);
в)өте сирек (5).
11. Мені жақсы жақтарым өте көп:
а) иə (5);
б) бəрі жағдаятқа байланысты (3);
в) жоқ (0).
12. Мен пессимистпін:
а) иə (0);
б) тек ерекше жағдайларда (3);
в) жоқ (5).
13. Әрбір ойланатын адам сияқты, мен де өз қылықтарыма талдама
жасаймын:
а) жиі (0);
б) кейде (3);
в) сирек (5).
14. Өмір — мҧңды нəрсе:
а) жалпы, иə (0);
б) бҧл тым жалпылама пікір (3);
в) олай емес (5).
15. «Кҥлкі — денсаулық»:
а) ҥйреншікті пікір (0);
б) бҧл туралы қиын жағдаяттарда естен шығармау керек (3);
в) тіптен олай емес (5).
16. Адамдар мені дҧрыс бағаламайды:
а) өкінішке орай, олай емес (0);
б) бҧған ҥлкен мəн бермеймін (3);
в) тіптен олай емес (5).
17. Басқаларды мен тым қатал сынаймын:
а) жиі (0);
б) кейде (3);
в) сирек (5).
18. Сəтсіздіктің артынан əрқашан жеіңс келеді:
а) бҧның ғажайыпқа сену екендігін біліп тҧрсам да, сенемін (5);
б) бəлкім солай шығар, бірақ бҧның ғылыми негізі жоқ (3);
в) мен бҧған сенемін, себебі бҧл ғажайыпқа сену (0).
19. Мен өзімді агрессиялы ҧстаймын:
а) жиі (0);
б) кейде (3);
в) сирек (5).
20. Жалғыз қалатын кездерім болады:
а) өте сирек (5);
б) кейде (3);
в) өте жиі (0).
21. Адамдар жайдары емес:
а) көбісі (0);
б) кейбірі (3);
в) тіптен олай емес (5).
22. Қалағаныңа қол жеткізуге болады дегенге сенбеймін: а)
себебі кімнің қолынан осы келгенін білмеймін (0); б)
кейде сəті тҥседі (3);
в) олай емес, мен сенемін! (5).
23. Өмірдің маған қойған талаптары мҥмкіндіктерімнен ҥлкен болды:
а) жиі (0);
б) кейде (3);
в) сирек (5).
24. Әр адамға өз келбеті ҧнамайтын болар:
а) солай деп ойлаймын (0);
б) мҥмкін, кейде (3);
в) мен олай ойламаймын (5).
25. Мен бірнəрсе жасасам немесе айтсам, мені тҥсінбейтін кездер
болады:
а) жиі (0);
б) кейде (3);
в) өте сирек (5).
26. Мен адамдарды жақсы көрем:
а) иə (5);
б) пікір тым жалпылама (3);
в) жоқ (0).
27. Кейде өз қабілеттеріме секемденемін:
а) жиі (0);
б) кейде (3);
в) сирек (5).
28. Мен өзіме ризамын:
а) жиі (5);
б) кейде (3);
в) сирек (0).
29. Басқа адамдардан гөрі, өзіңді көбірек сынағаның дҧрыс деп санаймын:
а) иə (0);
б) білмеймін (3);
в) жоқ (5).
30. Өзімнің өмірлік жоспарларымды жҥзеге асыруға кҥш-қайратым жетеді
деп ойлаймын:
а) иə (5);
б) əрқалай болады (3);
в) жоқ (0).
Н ə т и ж е л е р д і б а ғ а л а у .
Егер сіз келесі жҧптарда бірдей ҧпай санын жинамаған болсаңыз
(мысалы, 0 жəне 0, 3 жəне 3, 5 жəне 5): 3 жəне 18, 9 жəне 25, 12 жəне 22,
— онда тестінің жалпы нəтижесін кездейсоқ, жалған деп санауға болады.
0 — 40 ҧпай — өкінішке орай, сіздің бойыңызда кешен жиналған.
Өзіңізді теріс бағалайсыз, өз əлсіздіктеріңіз, кемшілік, қателіктеріңізде
«шырғаланып» қалғансыз. Ҧдайы өзіңізбен кҥресуіңіз сіздің
кешендеріңіз бен жағдаятты одан бетер ушықтырады, адамдармен
қарым-қатынасыңызды одан ары кҥрделендіреді. Өзіңіз жайлы басқаша
ойлауға тырысып көріңізші: бойыңыздағы мықты, жылы, жақсы жəне
қуанышты қасиеттеріңізге ойыңызды топтастырыңыз. Өзіңізге жəне
қоршаған ортаға сіздің қарым-қатынасыңыздың жуық арада өзгеретініне
көзіңізді жеткізесіз.
41—80 ҧпай — сізде өз кешендеріңізді өзіңіз-ақ еңсеруге тамаша
мҥмкіндіктеріңіз бар. Жалпы алғанда, олар өмір сҥруіңізге онша кедергі
жасамайды. Кез кездері сіз өзіңізді, өз қылықтарыңызды талдауға
қорқасыз. Есіңізде болсын: басты қҧмға тығу — мҥлдем болашақсыз іс,
жақсылыққа жетелемейді, тек мəн-жайды уақытша бəсеңдетуі мҥмкін.
Өзіңнен қашып қҧтыла алмайсың, тек алға!
81 —130 ҧпай —əрбір қалыпты адам сияқты, сіз де кешендерден
қалыс қалмағансыз, бірақ сіз өз мəселелеріңізді өзіңіз шешесіз. Өз мінез-
қҧлқыңыз бен адамдардық қылықтарын шынайы бағалайсыз.
Тағыдырыңызды өз уысыңызда ҧстайсыз. Компанияларда өзіңізді жеңіл
жəне еркін ҧстайсыз жəне адамдар сөздің жаныңызда өздерін жеңіл
сезінеді. Кеңес: осылай дҧрыс!
131 — 150 ҧпай — менде кешен деген мҥлдем жоқ деп ойлайсыз.
Өзіңізді өзіңіз алдамаңыз, олай болмайды. Өзіңіз ойлап тапқан əлем мен
жеке бейнеңіз шындықтан алыс жатыр. Өзін өзі алдау мен асыра бағалау
қауіпті. Өзіңізге сырттан қарап көріңіз. Кешендер дегеніміз олармен
кҥресуге немесе ... жақсы көруге арналған емес пе? Сіздіңкҥш-жігеріңіз
екеуіне де жетеді. Кері жағдайда өзіңізді өзіңіз ҧнату кешеніңіз
менмендікке, тəкаппарлыққа айналып кетеді, қасыңыздағы адамдардың
жиіркенішін оятады, өміріңізді айтарлықтай бҥлдіреді.
9-тапсырма. Жеке тҧлға мен топтың арасындағы шиеленіс
(шиеленістік жағдаяттарға талдама жасау мен талқылау əдісімен
жҥргізіледі).
Тапсырма мақсаттары — топтық шиеленістердің негізгі
сипаттамалары бойынша студенттердің білімін пысықтау, «тҧлға – топ»
тҥріндегі шиеленістің таладамасын жасау дағдыларын дамыту жəне
оларды басқара білуді қадыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |