36
MPEG-3 – дәл қазіргі уақытта қолданыстан шыққан формат. Тек сіздер
мұны дыбыстық қысу MP3 (MPEG Audio Layer 3)
форматымен
шатастырмаңыздар.
MPEG-4 — бұл форматты жиі жай ғана MP4 деп атайды. MPEG-2
форматына қарағанда видеоағыны кішілеу болғанымен,
видео суреттер жоғары
сапалы. Сондықтан бұл форматты көптеген заманауи DVD- ойнатқыштар ойната
алады. Бұл форматтардың арасындағы айырмашылықты түсіну үшін келесі
сандар тізбегіне назар аударыңыздар: ұзақтығы 1,5
сағаттық DV форматындағы
видеожазба жобамен 20 Гб орын алады, MPEG- 2 форматындағы жазба — 4,7 Гб
(көлемі DVD), ал MPEG-4 форматындағы видео жазба — 700 Мб (көлемі CD).
HD (High Definition) – бұл жаңа формат видеоны жазу және ойнатуы
жағынан өте анық және видеоні жоғары сапада көрсете алады.
Бұл форматтың
үш жағы бар: HD1 рұқсат етілген 1280х720, HD2 — 1440х1080 және FullHD —
1920×1080, MPEG-2 кодегіне негізделген.
Соңғы уақытта көптеген үй видеокамералары HD форматында жазады.
Жазылған видеонің сапасы жоғары, бірақ оны толықтай бағалау үшін түсірілген
жазбаларды үлкен диагональды теледидардан немесе монитордан аттас HD
класынан қараған жөн.
Айтар болсақ тағыда көптеген форматтар кездеседі. Оларға:
AVI (Audio Video Interleave) — аудио және видео кезектері.
Өзімен бірге
медиа-контейнері бар, құрамында MPEG1 бастап, MPEG4 ден аяқталатын және
тағада басқа форматтары бар.
Достарыңызбен бөлісу: